А.Баталов: «Алматы облысында тағы 2 қант зауыты қалпына келтіріледі»

add4e100-d037-4fd0-8db2-f24e5b967958.jpg


45ed8adb-b1a4-4206-b2dc-bffb8ccdabb8.jpgfebbf889-3d45-4cfa-b34a-733dd975a2a1.jpg


62ca9556-dae5-4aa9-93ae-5310599c74de.jpg

Алматы облысының Алакөл және Қарабұлақ қант зауыттары қайта қалпына келтірілуі мүмкін. Өңірдегі қызылша алқабының аумағын 35 мың гектарға ұлғайту арқылы қант қызылшасы көлемін екі миллион тоннаға дейін жеткізу межесі белгіленген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысы баяндамасында Агроөнеркәсіптік кешенде 2022-2026 жылдарға арналған Ұлттық жоба шеңберінде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, сүт өнімдері, дәнді және майлы дақылдарды өндіру мен өңдеу бойынша жеті ірі экожүйе қалыптастыру жоспарланғанын атап өтті. Өңірде 1,3 млн. бас ірі қара, 4,5 млн. бас қой-ешкі, 1 млн. гектарға жуық егіс алқабы бар екенін ескерсек, облыс осы жобаның ең белсенді қатысушыларының бірі болып табылады.

- Мысалы, қант өндіретін екі зауыт жұмыс істеп тұр, енді Алакөл және Қарабұлақ қант зауыттарын қалпына келтіру жоспарлануда. Осылайша біз алқап аумағын 35 мың гектарға ұлғайту арқылы қант қызылшасы көлемін екі миллион тоннаға дейін жеткізу міндетін қойып отырмыз, - деп атап өтті А.Баталов.

Өңір басшысы ет өңдейтін «Жетісу Қой» жобасының жүзеге асырыла бастағанына да тоқталды. Бүгінгі күні барлық ұйымдастыру мәселелері шешілгенін, инженерлік инфрақұрылым құрылысына қаржы бөлінгенін, инвестордың зауытты жобалауды бастағанын айтты.  

Ет өңдейтін «Жетісу Қой» жобасы туралы да еске салып, оған қатысты барлық мәселелер шешілгенін, инженерлік инфрақұрылым құрылысына қаржы бөлінгенін жеткізді. 500 мың бас ірі қара етін өңдейтін «Тайсон Фудс» жобасы туралы да осыны айтуға болады. Зауыт салуға жер учаскесі бөлінген.

Облыста өткен жылы 160 млн. дана жұмыртқа шығаратын «НаурызАгро» және 29 мың тонна ет өндіретін «OTAN GreenFood» екі ірі құс фабрикасы іске қосылған, тағы екеуі салынады. Олар – қуаты 37 мың тонна ет өндіретін «Прима құс» және жылына 160 млн. дана жұмыртқа және 120 мың тонна бройлер етін өндіретін «Aitas KZ».

- Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі бір трлн. теңгеден асады, АӨК өнімінің экспорты 220 млн.АҚШ долларына жетеді немесе бұл 2020 жылға қарағанда 18% артық, - деді Амандық Баталов. 

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр