Алматы облысында шағын және орта бизнес өнімінің көлемі 11% өсіп, 1,8 трлн. теңгеге жетті

Алматы облысында шағын және орта бизнесте өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 11% өсіп, 1,8 трлн. теңгеге жетті. Сөйтіп шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 34% болып отыр. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналистерге брифинг өткізген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

27055.jpg

Өңір әкімінің мәліметінше, облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 125 мың бірлікке, ал осы салада жұмыс істейтін адамдар саны 275 мың адамға жеткен. Өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 11% өсіп, ШОБ-тың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 34% жетті. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынған салықтық жеңілдіктер, жалға алу төлемдерінен босату түріндегі шаралар оң ықпалын тигізген.

  • Мысал ретінде айтсам, жылдың басында Талдықорған қаласында аз қамтылған және көп балалы аналарды жұмысқа тарту мақсатында тігін цехы ашылды. «Жетісу» ӘКК арқылы цехқа орын тауып, күрделі жөндеуден өткізіп, лизингіге құрал-жабдықтар сатып әпердік. Қазір бұл шағын фабрикада 17 әйел жұмыс істеп жатыр, соның 12-сі «Еңбек» бағдарламасымен оқыды.

27056.jpg

  • Мұндай мысалдар бізде аз емес, осындай ұсыныс-бастамаларды біз әрқашан қолдаймыз, – деді Амандық Баталов.
    Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы», «Еңбек» бағдарламалары мен «Жетісу» өңірлік қаржыландыру бағдарламасы аясында қаржыландыру көлемі 21 млрд. теңгеге дейін артқан.

27058.jpg

  • Өңірде екі мыңға жуық субъектіге мемлекеттік қолдау көрсетіледі, 13 мың жұмыс орны құрылып, сақталады.
    Сол сияқты облыс басшысы аймақта 430 нысанның «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл сервисті тәулігіне орта есеппен 3 мың адам қолданады.
    «Жалпы осы қабылданып жатқан шаралар кәсіпкерлердің бұрынғы жұмыс ырғағына көшуіне мүмкіндік береді деп сенеміз», – деді А.Баталов.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр