Бақ дарыған Балқашта да дала маржанын егу науқаны қарқын алды. Өңірде ақ күрішті егу және одан мол өнім алу бойынша көш бастап тұрған шаруашылықтардың алдыңғы қатарында «Агрофирма «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұр. Осы орайда, егіс алқабына себіліп жатқан күріш дәнін көзбен көріп және диқаншылардың қызу тірлігімен етене-жақын танысу мақсатында осы аптада аталған шаруашылықтың 4-ші бөлімшесіне атбасын бұрдық. Егіс алқабында бізге «Агрофирма «Бірлік» ЖШС-нің директоры Алмас Қыстаубаев сапарлас болды.
Шаруашылық басында кү-ріш егу науқанына білек сыбана кіріскен еңбекші қауым еңбектің көрігін қыздыру үстінде. Егістіктің жұмыс барысымен таныстырған 4-ші бөлім-шенің бригадирі Бақытжан Сәбитов биылғы жылы мұнда 200 га жерге күріш, 285 га жерге бидай және 302 га жерге шөп егу жоспарланғанын тілге тиек ете келе, бүгінгі күнге дейін 100 га жерге күріш дәндерінің себілгенін айтты. Сонымен қоса, егін алқабында тұқым себуге арналған арнайы техниканы тізгіндеген Жанат Маткәрімов пен Айдын Сыдықовтардың жұмысқа қызу кіріскенін көзіміз шалды.
Ал мұнан соң, жалпы шаруа-шылықтың жұмысына тоқталған «Агрофирма «Бірлік» ЖШС-нің директоры Алмас Қыстаубаев өз сөзінде: «Ақ күріш аудан байлығы екендігі баршамызға белгілі. Осы орайда күріштен сапалы әрі мол өнім алу үшін қазіргі уақытта тынбай еңбек етуіміз керек. Яғни, бұл шаруашылық басшысымен қоса, еңбекші қауымға да үлкен міндет жүктеп отыр. Біздің шаруашылықтың жер көлемінің барлығы 5500 га жерді құрайды. Осы тұрғыда, биылғы жылы 1100 га жерге күріш, 1500 га жерге бидай егу жоспарланса, ал қалғанына көпжылдық шөп егіледі деп күтілуде» дей келе, алдағы күріш ору науқанында мол өнім алатынына сенімді екенін әңгімеге арқау етті.
Бұдан кейін егіс алқабында күріш егу науқанына 8 тұқымсепкіш, 12 тырма, 20 соқа, 5 чизель, 20 жер тегістеуіш және 4 грейдер техникаларының жұмылдырылғанын байқадық.
Бірлік ауылындағы 300 тұрғынды жұмыспен қамтып отырған «Агрофирма «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күріш алқабы судың тапшылығына байланыс-ты биылғы жылы 30 пайызға азайған. Бірақ соған қарамастан сапалы әрі отандық өнім алуды көздеген еңбеккерлер қызу жұмыс жасауда.
Иә. Қазақстан Республика-сының бүгінгі күнгі эконо-микалық қарқынды даму жағдайында, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясында ел экономикасының күретамыры болып табылатын ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді жан-жақты дамытуға аса көңіл бөлу қажет. Осы орайда, күріш егу науқанына қызу кіріскен «Агрофирма «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серік-тестігі диқандарының еңбегі ақталатыны сөзсіз.
Алтынай СЕЙТКЕН, "Балқаш өңірі".