ЖЫР КӨГІНІҢ СҰҢҚАРЫ

3990242 (1).jpg


Әнші, күйші, саятшы, атбегі, әрі  жауырыны    жерге  тимеген  палуан  болған,  халық ақыны Балтағұл  Бигелдіұлы   1891жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Желтораңғы ауылында дүниеге келген. Ол би, шешен, сынықшы, батырлар әулетінен шыққан. Күрті, Балқаш, Бақанас, Топар, Іле өңірін жайлаған елдің әйгілі көшбасшысы болатын.

Балтағұл Бигелдіұлы  халық  ақындары  Жамбыл, Кенен сияқты және де басқа ақындардан  өнеге  алған. ХХ ғасырдың  20 жылдары Қосшылар  одағын  басқарып, ауылды кеңестендіруге белсене араласқан. Кейін шаруашылық  қызметтер де атқарды. Балтағұл ақын ауыл  өмірі, замандастары  туралы   үздіксіз  жырлады.  Ақынның  соңғы  жылдардағы  өлең – жырлары  аудандық,  облыстық  газеттерде  жарияланып  тұрды. Ақынның  алғашқы  өлеңдер жинағына  («Балқаш»,1970) «Балқаш   қыз»  «Бөлтірік», т.б. дастандары мен  бір  топ  арнау – толғаулары енген.

 

Мен тудым Жетісудың    Ілесінде,

Үлкен Балқаш көлінің     күнесінде.

Жасымда Жетісу деп салған   әнім,

Ұмытылмай әлі жүр ел   есінде,

-деп жырлаған халық ақыны Балтағұл Бигелдіұлының туғанына-130 жыл толу мерейтойына орай, аудандық кітап-хананың ұйымдастыруымен  «Жыр көгінің сұңқары» атты онлайн әдеби сазды кеш өткізілді. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы баяндалып, деректі фильм мен слайд-шолу ұсынылды. Аудандық кітапхананың «Ақ желкен» жас ақындар клубы мүшелерінің жатқа мәнерлеп оқуларында ақынның өлең-жырлары мен поэмаларынан үзінділер оқылды. Мәдениет үйі өнерпаздарының орындауларында әндер шырқал-ды. 

Балтағұл  Бигелдіұлының  соңында  сезімге  толы  өлең  жырларынан   басқа «Балқаш»  пен  «Бөлтірік  батыр»  атты  дастандары қалды. «Балқаш»  дастанында  қатал  заманның  құрбаны  болған  Балқия-Балқаш  қыз  бен  Ерден  жігіттің  кіршіксіз  махаббаты,  олардың  аянышты  тағдыры  сөз  болады. Ұлы  Абай  айтқандай, «етімді шал  сипаған  құрт  жесін»,-деп  суға кеткен  Балқаш  қыздың  есімімімен  Көкше  теңізі  деп  Балқаш  көлі  аталыпты  деседі.

«Бөлтірік  батыр»  дастанында  ел  арасынан  шыққан  тарихи  тұлға-Бөлтірік  шешеннің  ақылдылығы  мен  тапқырлығы, шешендігі  сөз  болады.

 

Жамбылдай алыбымның   ізбасары,

Балтағұл- Балқашымның    жыр дастаны.

Өзі жоқ арамызда, бірақ    оның,

Жырлары халқыменен    сырласады,

- деп  ақын Зекен Әбілдаев жырлағандай, Балтағұл  Би-гелдіұлының  елді  бірлікке,  елдікке,  ерлікке, еңбекке,  оқуға  шақырған  өлеңдері,    тарихтан  көптеген  мағлұматтар  беретін  дастандары  жастарды  шешендікке,  тапқырлыққа,  ойлануға  тәрбиелейтін,  мысал,  нақыл,  мәтелдері  мен жұмбақ  өлеңдерінің  де  мәні  зор  екені  де  үлкен  құрметке  лайық.

Ақын  Балтағұл  Бигел-діұлының  өз  өмірінде  туып  өскен Балқаш  ауданының  бүгінгісіне  азамат  ретінде  де,  ақын  ретінде де  үлкен  үлес  қосқанын  ерекше  атап  өтуге  болады.

Қ.Жұмаділова, аудандық кітапхананың кітапханашысы.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр