РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ- ҰЛТТЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ- ҰЛТТЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ

1507526441_article_b_1500__1542123349.jpeg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жан – жақты шолып, бұл нағыз қазақтың салт-санасы мен түп тарихын  жаңғыртатын қозғаушы күш деген ой түйдім.

Мақала аясында ел болып, ауыл, қала деместен түрлі іс - шаралар белең алып, ұрпағымыздың санасы жаңғыруда, әртүрлі ізгілікке толы игі шаралар мен әрбір бастамалар астарында ұлттық тектілігімізді көрсететін, салт-дәстүр, тәлім-тәрбие, тіл мен дін тазалығын, шежіре мен түп тарихымыздың шындығы сынды сырлар өскелең ұрпақтың  санасына сіңіріп, түп санамыз жаңарып, жаңғыру үстінде.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мақаласында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен дініміз, ұлттық музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген.

Бұл сөздің астарында үлкен мән-мағына бар. Расымен де рухы биік азаматтары бар елдің іргесі мәңгілік болары хақ. Осы бір бағыт болашағымызға үлкен септігі тиіп, серпін беріп,  мәңгілік ел болуға расында жетелейді. Осы рухани жаңғыру жолында әрбір қазақ бабаларымыздан мирас болып қалған,қанымызға сіңген ұлттық  қадір-қасиеттерімізді жаңғыртып, қайта түлетсе, берілмес қамалдың берік ірге тасы боларымызға нық сенемін. Жастайынан дін мен дәстүрімізді, тағылымды тарихымызды, оқып, сусындап өскен әрбір ұрпақ теріс ағымдар мен жат мәдениеттің жетегінде кетпейді. Салты мен жоралғысының тарихына ерекше мән берген елдің тұғыры да биік болмақ.

Соңғы кездерде ғылым мен техниканың дамуына үлкен мән беріліп, еліміз цифрлануға көшіп жатыр,жаңарулар, жаңа техникалық өзгерістер мұның бәрі заман ағымы,биік белеске білім мен шыңға деген жолдар,алайда бұған бір жақты қарауға болмайды. Жаңаны меңгере отырып, рухани мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды жадымызға сіңіріп, санамызды жаңғырту бұл-ұлттың жаңғыруы. Ұлтының қасиетімен сусындаған елдің іргесі биік, босағасы берік болмақ.

Қарой ауылдық  Мәдениет үйі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР