ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТОПЫРАҒЫН ТҰМАР ЕТКЕН
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола-шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында, сонымен қоса ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай туған жердің топырағын тұмар еткен, туған жұртын шалқыған жырымен құмар еткен аудан, ауыл ақын-жазушыларының және елі үшін еңбек еткен азаматтардың өмірін кейінгі ұрпаққа насихаттау және жыр жазуға жаны құмар жастардың өлеңге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 5-15 сәуір күндері аралығында Ә.Ахметов атындағы орта мектепте сынып жетекшілер және кітапханашы Гүлжан Көпжанованың бірлесуімен «Туған жердің ақындары» тақырыбында әдеби іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара бойынша білім шаңырағындағы 5-ші сынып оқушыларына туған жерден түлеп ұшқан ақын әрі журналист Зекен Әбілдаевтың, 6-шы сынып оқушыларына көкталдық ақын Бірлікбай Балғыновтың, 7-ші сыныпқа Бек Тоғысбаев, 8-ші сыныпқа Ұлы Отан соғысының ардагері болған Ізбасар Бұлыбаев, 9-шы сынып оқушыларына Смат Төлепбергенов жайлы тапсырма берілсе, ал 10-шы сынып оқушылары Сапарғазы Болсынбековтың өмір жолымен толығырақ танысты.
Іс-шараның мақсаты мен-мұндалап тұрғандай, ашық сабақ барысында мектеп оқушылары жоғарыда аты аталған азамат-тардың өмірбаянымен кеңінен танысып, олардың өлең-жырларын мәнерлеп оқып, сондай-ақ бір сәтке осы тұлғалардың кейіпіне еніп, көрме де ұйымдастырды.
Осындай жас ұрпаққа тағы-лым беретін игі іс-шараға Ә.Ах-метов орта мектебінің 6-шы сынып оқушысы ретінде менде белсене атсалыстым. Біз сыныптастармен бірге Көктал ауылының тұрғыны әрі жергілікті ақын, бірнеше кітаптардың авторы Бірлікбай Балғыновтың өмір жолымен таныстық. Әрине, бұл сабақты өткізуге белсене араласқан жандардың бірі, сыныпжетекшіміз Жайлауова Рауан апай бізге Бірлікбай ата жайлы кеңірек ақпарат берді.
Бірлікбай Балғынов 1942 жылы 23 ақпанда дүниеге келген. Анасы Рахия 1958 жылдан бастап зейнетке шыққандықтан, отбасы жағдайына байланысты Бірлікбай атаның оқуын жалғастыруына мүмкіндік болма-ған көрінеді. Тек 1963 жылы Ал-матыдағы есеп-кредит техникумына сырттай оқуға түсіп, оны 1968 жылы тәмамдап, бухгалтер мамандығын алып шығады. Бұдан соң Алматы халық ша-руашылығы институтының ауылшаруашылығын жоспарлау факультетін бітіріп, ауыл шаруашылығының экономисі деген мамандықты игерген екен. 1965 жылы 9 қазанда өмірлік жары Өксікбаева Жаханкүлмен отау құрып, шаңырақ көтереді. Өмірге 3 ұл мен 2 қыз әкеліп, оларды тәрбиелеп-өсірді. Еңбек жолын 1958 жылы қарапайым жұмысшыдан бастаған Бірлікбай ата 1961-1963 жылдар аралығында «Ақкөл» кеңшарында есепші болып қызмет атқарады. 1968-1971 жылға дейін кеңшарда орталық мамандандырылған есепші болып жұмыс істесе, 1973-1978 жылдары кеңшарда бас экономист, 1986-1992 жылға дейін «Көктал» кеңшарының партия ұйымының хатшысы болып қызмет атқарады. 1992-1993 жылдары кеңшарда ферма меңгерушісі, 1993-2005 жылдары Балқаш ауданының салық комитетінде бас маман болып жұмыс істеп, 2005 жылы зейнеткерлікке шықты. «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығының» медалімен және бірнеше рет аудан әкімінің, Алматы облыстық салық комитетінің «Құрмет» грамоталарымен мара-патталған.
Міне, ашық сабақ барысында біз ата жайлы осындай мағ-лұматтармен танысып, ол кісінің өлеңдерін де мәнерлеп оқыдық. Туған жеріне қызмет етіп қана қоймай, туған елін өлеңімен өрнектеген Бірлікбай ата Көктал ауылындағы үлгілі отбасылардың бірі. Ол кісінің өмір жолынан барлық жастар үлгі алуға тиіс.
Мөлдір СЕРІКҚЫЗЫ, Ә.Ахметов атындағы орта мектептің 6-шы сынып оқушысы.
Нравится
Комментировать
Поделиться