Жемқорлықпен бірлесіп күресейік!
Сыбайлас жемқорлық –елімізде терең тамырын жайып бара жатқан үлкен сырқат. Бұл –батпандап кіріп, мысқылдап шығатын кесел. Егер дер кезінде емдемесек, керекті шаралар қабылдамасақ, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына үлкен нұқсан келтіреді. Болашақ ұрпақтар, жаңадан туған балалар, жасөспірімдер жемқорлықтың не екендігін білмесе, бұл халқымыздың үлкен жеңісі болар еді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастаумен көптеген игі іс-шаралар қолға алынып жатыр.
Президент биліктің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының жеті негізгі шарасын атап өтті:
Азаматтардың құқығын қорғау, мемлекет пен азаматтың қоғам институттарының конструктиві әріптестігі, қоғамдық бақылауды күшейту, бюджеттік саясаттың ашықтығы, өңірлердің рөлін күшейту, мемлекеттік қызмет көрсету ісіндегі үдемелі цифрландыру, мемлекеттік сатып алу жүйелерін жетілдіріп, бизнеске әкімшілік қысымды төмендету секілді осы жеті шара арқылы тиімді жұмыстар атқарылса, жемқорлықтың сағын сындырар едік.
Мемлекет басшысы айтқандай жемқорлық бойынша қол астындағы қызметкерлердің қылмыстық әрекеттері үшін бірінші басшылардың жауапты болатындығын атап өткім келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығарып күрессек алынбайтын асу, құламайтын қамал жоқ.
Р.ҚЫСТАУБАЕВА, Қапшағай қаласының ауданаралық әділет басқармасының басшысы.