Тұрғындарды қабылдады

Тұрғындарды қабылдады

125375838_742925509637236_5744820424205025203_o.jpgАлтынай ТАЛҒАТҚЫЗЫ, «Балқаш өңірі».
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы орайда мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, аталған дертке жалпықоғамдық төзбеу-шілікті қалыптастыру және мемлекеттік басқару институтына ел сенімін арттыру мақсатында 2018 жылы облыс орталығында «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылған болатын-ды.
Осы тұрғыда киелі өңірімізде де жемқорлыққа қарсы бағытталған бірқатар шаралар қолға алынып, әсіресе мемлекеттік қызмет алуда адами факторды азайту, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда.
«Жетісу-адалдық алаңы» жобасы аясында өткен аптада ауданға арнайы келген «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі Алматы облысы бойынша ауданаралық басқармасының (оңтүстік аймағы бойынша) басшысы Алпысбаев Бауыржан Рахатұлы және аудан әкімі Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы тұрғындарды қабылдады.
Қабылдау барысында өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сұрақтарға жауап берілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші этикасын қалай сақтау қажеттігі жайлы айтылып өтті.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан Республикасы мен Пәкістан арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы қол қойды
  • Келіссөздерінің қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйледі
  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қа
  • Мәдени орталықтар және «Достық» спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты
  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығын тапсыру рәсіміне қа