ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕПТЕ АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

                      ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕПТЕ АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

                                  Бақтығали ДӘУІТБАЕВ,  «Балқаш өңірі».

DSC_0298.JPGПрезентация1.jpg


Береке, Ақдала ауылдық округтерінде өткен есептік жиындарда  аудан әкімі мен ауыл әкімдерінің есептік баяндамаларын мұқият тыңдаған ауыл тұрғындары жыл ішінде атқарған толағай жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, «қанағаттанарлық» деген баға беріп, алдағы атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі.

Келесі есептік жиын Бақанас ауылында өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалғаннан кейін, ауыл тұрғындары тарапынан  Ж.Иманбаева және Н.Құтпанбетов көшелерінің түңгі жарығына жөндеу жұмыстары жасалса деген ұсыныстарын жеткізді.

Аудан басшысы Ғалым Қасымұлының «Балқаш ауданының 2020 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және 2021 жылдың болжамы мен міндеттері туралы» қорытынды есептік жиыны осы аптаның бейсенбісі күні аудан орталығындағы Мәдениет үйінде өтті.

Келелі жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Тұрлашов Ләззат Махатұлы онлайн форматында қатысып отырды. Сондай-ақ аудан тұрғындары мен мекеме-ұйым қызметкерлері қатысты. 

Жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудан әкімі Ғалым Тоқпейісов 2020 жылы атқарылған жұмыстар және 2021 жылға арналған міндеттер туралы бяндамасын жасады. Аудан басшысының баяндамасы аяқталысымен жиынға қатысушы аудан тұрғындары тарапынан бірнеше ұсыныс-пікірлер айтылды.

Көтерілген мәселелерге тоқталар болсақ, Бақанас ауылының тұрғыны Қанат Бекмұхамбет Тыл ардагерлері мен мұғалімдерге ауданның «Құрметті азаматы» атағын беру жөнінде және ауданға қажетті дәрігер мамандарының жетіспейтіндігін, сондай-ақ Бақанас ауылында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт соғу туралы мәселелерді көтерді. Ал Жиделі ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғыс Байсынов ауыл халқы атынан Жиделі орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалса деген ұсынысын білдірсе, Ә.Ахметов атындағы орта мектептің мұғалімі Әсел Айсайева  Көктал ауылындағы ауызсу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары қашан қолға алынатынын сұрады. Бірлік ауылдық округінің тұрғыны Андрей Синельников Бірлік ауылына кіретін тас жолға жөндеу жұмыстары жасалса деген ұсынысын айтты. Аудан басшысының есептік жиынында Онлайн режимде яғни «Zoom» арқылы Бақбақты ауылының тұрғынан «Ауылымызға жалгерлік тұрғын үй соғылады ма?» деп сауал жолданды.

Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдаған Ғалым Қасымұлы туындаған сұрақтарға лайықты жауап қайтарды.

Есепті жиынға онлайн форматында қатысып отырған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Махатұлы өз сөзінде облыс көлемінде атқарылып жатқан толағай жұмыстарды тілге тиек ете келе,  ауданға қатысты жайттарға кеңінен тоқталды. Аудан басшысының жыл ішінде атқарған жұмыстарына оң баға бере келе, алдағы атқарылатын міндетерді тағы бір мәрте саралады және аудан әкімінің жыл ішінде атқарған жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берді.

 Бұдан кейін мінбе төріне көтерілген аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев та аудан көлеміндегі жан-жадыратарлық игі істерді тізе келе, аудан басшысының жұмысына көңілі толатынын жеткізді. Және аудан тұрғындар атынан алғыс айтып, алдағы жұмыстарына жеміс тіледі.

 Аудан әкімінің қорытынды есебі осылайша өз мәресіне жетіп, Балқаш ауданының күннен-күнге көркейіп, дамып келе жатқандығы бәрімізді қуанышқа бөледі.

Әсіресе, кейінгі жылдары тұрғын үйлердің көптеп салынуы, ауыл-ауылдарға газ тарту жұмыстарының қарқын алғандығы, ауылдың сән-салтанатын артыратын ғимараттардың салынуы мен оларға күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі, тас жолдардың сапасының жақсаруы, суармалы егістік алқаптарының көлемін ұлғайту мақсатында су арналарына тазалау жұмыстарының жүргізілуі, тізе берсек тағы да басқа ауыз толтырып айтатын жұмыстар легі қорытынды есептің өзегіне айналды.                         

                      


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр