ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ-БІЗДІҢ НАЗАРДА
«Nur Otan» партиясының алға қойған міндеттерінің бірі ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасау.
Бүгінде азаматтарымыздың 40%-дан астамы ауылда тұрады. Олардың еңбегінің арқасында Қазақстан қазіргі таңда өзін азық-түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыз етуде.
Осы орайда «Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихат депутаттығына ұміткерлер Құйған – Ақжар, Қарой – Ақкөл Ақдала – Миялы елді мекендерінде тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп.
Ауыл тұрғындары көкейдегі сауалы мен ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда үлкен шаруа қожалық иелерімен бірге үйде малын бағып отырған жеке тұрғындарға да субсидия беруді қарастыру, ауыл көшелеріне асфальт төсеу, ауы су мәселесін шешу, ауыл мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелерін қарастыру туралы бірнеше ұсыныстарын білдірді.
Алдағы уақытта тұрғындарға егістік пен егінді алқаптың жай-күйін мониторингтеудің заманауи цифрлық шешімдердің енгізуге, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын нақты қолдануды ынталандыруға бағытталанатынын айтып өтті.
Ауыл тұрғындары дамудың даңғыл жолын таңдаған «Nur Otan» партиясына сәттілік тілеп, сайлауда дауыс беретіндерін жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Балқаш
аудандықсайлауалды штабы.