САУДА ҮЙІНЕ КЕЛУШІЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

САУДА ҮЙІНЕ КЕЛУШІЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Балқаш ауданының орталығы Бақанаста «МұХтар» сауда үйінде облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қыстаубаев Абдіжаппар Өгізбайұлы аудан тұрғындарымен экспромт кездесу өткізіп, және сайлаушылармен «Есіктен есікке» акциясы аясында кездесіп партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады.

«Істің бағасын беру үшін оның қалай аяқталарынан емес, қалай басталғанына назар аудару керек» деген. Үміткер сауда үйіне келушілер мен сонда нәпақасын тауып жүрген кісілерге партияның осы уақытқа дейін жүріп өткен жолын баяндады. Әрине, кешегі күн тарих болғанымен, тарихтың маңызын ондағы нақ шешімдер мен сүбелі қарекеттер айшықтайды. Мәселен, «Nur Otan» партиясы ел айқындағандай халықтық партия. Одан бөлек нақ істердің партия деген атауы да бар. Бұл атаулар тегін берілген жоқ. Әр тірлігінен айқындалған атау. Мәселен, партия қай кездеде халықтың жайына болысып келеді. Өйткені, партия ұлық көретін жайт елдің егемендігі мен ел келешегі һәм мемлекеттің дамуы. Бұл жолда нұротандықтар аянып қап жатқан жоқ. Ал алда атқарар шаруаларын да қос үміткер жіпке тізгендей сауда үйіндегілерді таныстырды.

- Партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына атсалыспақ. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар етжеңді жоспарларын кіргізді. Балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізуді басты нысанаға алған. Одан бөлек, сапалы білім – болашаққа салған мықты капитал. Бүгінгі оқушы – ел келешегі десек, оларды заманауи білімге сусындату да сайлауалды бағдарламада басты тақырып болып тұр, - деді Абдіжаппар Қыстаубаев.

Қос үміткер сауда үйіндегілерді алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге, ел келешегі үшін маңызды уақытта жөнді шешім қабылдауға шақырды.

Жұлдызай ОРАЗБЕКОВА «Nur Otan» партиясының Балқаш аудандық филиалының эксперті

Нурия Капсаланова



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 95 лет и новое сердце: уникальная операция без разреза спасла жизнь пациентке 1931 года рождения
  • 95 жаста – жаңа өмір: кесусіз жасалған күрделі операция науқастың өмірін сақтап қалды
  • 30 марта - Международный день без отходов
  • 30 наурыз – Халықаралық қалдықсыз күн
  • Алматы облысы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жыл басынан 50 шағым түскен