Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

1507526441_article_b_1500__1542123349.jpeg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қызыға оқып қана қоймай, оны өзімнің кураторлық топтарыммен талқыладым. Соны сіздерге ұсынуды жөн көрдім. Елбасының елдің бүгіні мен болашағы туралы ойы, Отанға, елге, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігі сүйсінтеді және  тебірене сыр шерткенде қуанасың, елін ойлайтын, нағыз ер екендігіне бас иесің. Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу Елбасы мақаласының өн бойына алтын арқау болып өрілген.  Осынау бағдарламалық мақалада қазіргі уақыттағы ұлттық сана, таяу жылдардағы міндеттерге қатысты бірқатар мәселелер айтылды. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында». Осыған байланысты әрбір білім алып жатқан азамат үш тілді меңгеріп қана қоймай, бәсекеге қабілетті, іскер болу керек. «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз». Студенттерге қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес, керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді деп түсіндірдім.

«Ұлттық бірегейлік сақтау -біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген». Бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз. Кез - келген білімді жас өмір талабына сай мамандықты өзгертіп, нарықтық эконимикаға бейімделе алу керек. Ең басты капитал білім екендігін түсініп қана қоймай, үнемі жетілдіріп отыру керек. Білім әр адамның рухани азығы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала беретіндігі анық, сол үшін біз үнемі жетіліп, ізденіп, дамып отыруымыз керек. Қазіргі кездегі латын әліпбиіне көшу ұсынысы да орынды, бұл биологтар үшін аса қиындық тудырмайды, себебі биологияда кездесетін терминдердің көпшілігі латыннан аударылған және біз латын әріптерін арнайы курста оқып танысқанбыз. Сонымен қоса, ағылшын тілін меңгеру арқылы әлемнің кез - келген жерінде отырып, ғылым мен білімнің көкжиегіне шыға алады деген сөз деп ойымды қорытындыладым. Ал, студенттер кімде қандай сұрақтар немесе ұсыныстар, тілектер бар деген едім. Топ старостасы, Медиум - Сымбат: апай, мен саяси көзқарастарға аса мән бермеуші едім, бірақ сіз айтып қолымызға ұстатқан мақаланы оқып, өзімнің қазақ екендігіме және елімнің ертеңі біздер екендігімізді мақтан тұтамын. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс деп ойлаймын. Елiмiздегi бейбiтшiлiк, тыныштық Елбасының салиқалы саясатының арқасы ғой. Президенттің де жүргiзiп отырған саясатын қолдаймыз.Тәуелсiз елiмiздiң бiрлiгi мен берекесi жолында еңбек етер азаматтарымыз көп болсын деп ойлаймын.

Әлімжан Әлия: менде өз ойымды айтқым келеді, бір кездері мен мектепте оқып жүргенде «Көшпенділер» фильмін көріп қазақ қызы екендігіме қуанғанмын. Қазір осы жиында да менде сондай сезім болып тұр, Елбасының мақаласы бұрынғы Тәуке ханның жеті жарлығындай деп айтсам болады, себебі уақыт өте келе айтылған дүниелер болып жатады және еліміз күннен-күнге көркеюде, 2017 жылы Экспо көрмесіне барып тамашалап қайттым. Латын әліпбиінде қолдаймын. Барлық куратор –Эдвайзерлер осындай топ арасында талқылаулар өткізіп тұрса, бізде елін-жерін ойлайтын, патриот жастар көбейер еді. Қазіргі елімізде болып жатқан карантин режиміне байланысты білім ғана бізді дамыған елдердің қатарына қосатынын цифрлық экономика деңгейіміз қандай екенін қашықтан оқыған кезде түсіне бастадық, ел мен елді, жер мен жерді байланыстыратын цифрлық экономикамызды дамыту керек екенін түсіндік, білім барлық жерден алып шығатынына көз жеткіздік.

Биология және биотехнология факультетінің б.ғ.к., доцент Чунетова Ж.Ж., б.ғ.к. Алтыбаева Н.А.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр