Шақыру учаскесіне тіркеу жүргізіледі

Шақыру учаскесіне тіркеу жүргізіледі

Жыл сайын қантар- наурыз айларында 17 жасқа толатын ер азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеледі.

Тіркеуді тиісті жергілікті атқарушы органдар ауданның жергілікті әскери басқару органдарымен (ЖӘБО) бірлесіп, азаматтарды әскери есепке қабылдау, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық санатын айқындау, білім деңгейін, алған мамандығы мен дене дайындығы деңгейін белгілеу мақсатында ұйымдастырады және жүргізеді.

Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы деректер негізінде ауданның ЖӘБО-сы әскерге шақыру ресурстарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары бойынша алдын ала бөлуді, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша  оқыту үшін кандидаттарды алдын ала іріктеуді жүргізеді және әскери және арнаулы оқу орындарына түсуге ниет білдірген адамдарды іріктейді.

Әскерге шақыру учаскесіне бұрын  тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтар да осы тізімге жазылуға болады.

Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне  тіркеуді олардың тұрақты тұрғылықты немесе уақытша тұратын жері бойынша  ауданның жергілікті  әскери басқару органдары  жүргізеді.

Е.БАСТАУБАЕВ,   аудандық Қорғаныс  істері жөніндегі бөлім бастығының м.у.а., капитан.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году