Жұмысынан айырылғандарға тағайындалатын әлеуметтік төлем

Жұмысынан айырылғандарға тағайындалатын әлеуметтік төлем
Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленетінін білесіз бе? Ол қандай жағдайда төленеді және оған өтінішті қалай беру керек деген сұрақтарға, әдеттегідей, #oqy&toqy айдарында айтатын боламыз. Аталған жәрдемақыға өтініш берудің бірнеше жолы бар:
????Egov.kz порталы арқылы
????Порталға кіріп, іздеу жолында «Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» деген қызмет атауын теріңіз
????Қызметті онлайн сұратыңыз
????Портал ең алдымен тұрғылықты ауданыңызды растауды сұрайды
????Анықтаманы алу арқылы жұмыссыз ретінде тіркелгендігіңізді растаңыз
????ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз
????Қызметтің нәтижесін жеке қабинетіңізден біле аласыз.
????ХҚО арқылы
????ХҚО-ға кезекті алдын ала онлайн брондаңыз
????ХҚО-ға барған сәтте жеке куәлік, жұмыссыз ретінде тіркелгеніңіз туралы анықтама (жұмыспен қамту орталығынан аласыз) мен жәрдемақы аударылатын банк шоты туралы ақпаратты ұсынасыз
????Жұмыспен қамту орталығы арқылы
Жұмыспен қамту орталығына да жоғарыда аталған құжаттар тізімі тапсырылады.
☝️Ескерту, жәрдемақыға өтініш беруші жұмыссыз ретінде тіркелген және бұған дейін ресми жұмыс істеген азамат болуы керек.
????Өтініш 8 жұмыс күні ішінде қаралады
????Жәрдемақы 1 айдан 6 айға дейін төленуі мүмкін және азамат жұмысқа орналасқан жағдайда тоқтатылады
????Жәрдемақы мөлшері азаматтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі төлемдер негізінде тағайындалады
Іске сәт, жаныңызға жайлы жұмыс табыңыз????

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 29,6 мың ағаш отырғызылды
  • Алматы облысында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 18 маусымда басталады
  • Около тысячи человек посетили торжественное открытие Перекрестного года культуры Казахстана и Китая
  • Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық ада
  • Алматы облысында кене энцефалитіне қарсы 5000-нан астам адам екпе алды