Мүгедектерге кресло-арбалар беру????
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мүгедектер арбасына тапсырысты ХҚО арқылы бере алады. Ал біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында оны жүзеге асыру жолын көрсететін боламыз.
????ХҚО арқылы:
????ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;
????Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз;
????Операторға қажетті құжаттарды ұсыну арқылы қызметті 15 минутта рәсімдеңіз.
????Мобильді топты шақырту арқылы:
????"1414" бірыңғай байланыс орталығына мобильді топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сізбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн ішінде сіздің мекенжайыңызға келіп, құжаттарды рәсімдейді.
????Сізге қажетті құжаттар:
????Жеке басыңыздың куәлігі;
????Егер сенімді өкіліңіз келген болса, оның сенімхаты (нотариалды растау қажет емес);
????Медициналық оңалту бағдарламасы жөнінде анықтама;
????Мүгедектігі жайлы куәлік;
????Егер ҰОС ардагері немесе соған теңестірілген азамат болса, ол туралы куәлік;
????Егер әрекетке қабілетсіз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкілі құжат тапсыра алады.
????Қызмет көрсету уақыты:
Құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 10 жұмыс күні ішінде.
????Қызмет нәтижесі:
Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген кезде мүгедектерге арналған арбаның берілуі жайлы шешімді ХҚО-дан аласыз.
☝️Ескерту, мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан беріледі.