Тұрғылықты жер бойынша емханаға тіркелу????


Тұрғылықты жер бойынша емханаға тіркелу????
Елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емханаға тіркелу науқаны басталып кетті.  Сіз өз емханаңызға тіркеліп үлгердіңіз бе? Үлгермесеңіз, біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында оны оңай да онлайн жүзеге асыру жолын көрсететін боламыз.
✅ Egov.kz порталы арқылы:
????Egov.kz порталына кіріңіз;
????Іздеу жолында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» деген қызмет атауын теріңіз;
????Қызметті онлайн сұратыңыз;
????Бірінші қадамда сіз кімді тіркейтініңіз (балаңыз/өзіңіз) және тұрғылықты жеріңіз туралы ақпаратты енгізесіз;
????Медициналық ұйым атауын және дәрігеріңіздің аты-жөнін таңдаңыз;
????Мекенжайыңыз бен байланыс нөміріңізді  көрсетіңіз;
????Келесі қадамда енгізген мәліметтеріңіздің дұрыстығын тексеріп, қызмет мәртебесімен таныс болыңыз;
????Нәтижені жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан біле аласыз.

✅Телеграм бот арқылы:
????Телеграмдағы EgovKzBot2.0 ботына кіріңіз;
????Теру жолынан көрсетілетін қызметтер тізімін ашыңыз;
????Денсаулық сақтау батырмасын басыңыз;
????Медициналық ұйымға месенджер ақылы тіркелу батырмасын басыңыз;
????Қызметті кімге алатыныңызды көрсетіңіз;
????Мекенжай мәліметтерін растаңыз;
????Тұрғылықты өңіріңізді көрсетіңіз;
????Емхананы таңдаңыз;
????Тіркелу себебі мен дәрігердің аты-жөнін көрсетіңіз;
????Бот сіздің өтінішіңіздің нөмірі мен тіркелгендігіңіз туралы ақпаратты бірден көрсетеді.

✅Емхана арқылы:
????Жеке куәлік және басқа да денсаулығыңызға қатысты құжаттарды емхананың тіркеу бөліміне көрсетіп, өтініш қалдырыңыз.

????Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күні
????Қызмет нәтижесі:
❇️Емханаға тіркелгендігі туралы медициналық ұйымның ЭЦҚ-сымен расталған электронды талон.

☝️Ескерту, қызметті алмас бұрын тіркеуге тұрғыңыз келген емхананың дұрыс атауы мен дәрігердің аты-жөнін алдын ала біліп алған абзал.

????Емханаға тіркелген кезде, бұрыңғы тіркеуден автоматты түрде шығасыз.

Дендеріңіз сау болсын, өзіңізді күтіп, қызметті үйден алыңыз!❤️


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр