Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алатау қаласын дамыту жөніндегі көтерген тақырыптар

image.png

Облыс экономикасы қарқынды дамып келеді. Жалпы өңірлік өнім 2 есеге ұлғайып, Алматы, Астана қалалары мен Атырау, Қарағанды облыстарынан кейін көш бастап тұр.

Аймақ экономикасының ерекшелігі жекелеген жүйе құраушы ірі кәсіпорындарға тәуелді еместігінде. Экономикамыз әртараптандырылған.

Жалпы өңірлік өнімнің салалық құрылымы теңгерімді сипат алып, экономиканың үйлесімді моделін қалыптастырып келеді (қызмет көрсету саласы — 39,8%, өндіріс — 38,2%).


Экономиканың негізгі қозғаушы күші – өнеркәсіп. Аталмыш салада 74 мыңға жуық адам еңбек етеді, бұл жұмыспен қамтылғандардың 10%-ын құрайды.

2022 жылдан бері өндіріс көлемі 1,6 есеге өсіп, өңір еліміздің жетекші индустриялық орталықтарының біріне айналды. Өнеркәсіптің 88 пайыздан астамы өңдеуші секторға тиесілі. Аймақ терең өңделген өнімдер өндірісі, тамақ өнеркәсібі және фарминдустрияда көш бастап тұр.


Өңірдің экспорттық қауқары да еселенді: сыртқа шығарылған тауар көлемі екі есеге артты (1,1 млрд $).

Бүгінде облыстың 49 кәсіпорны сыртқы нарыққа шығып отыр. Тауарларымыз әлемнің 60 еліне жөнелтіледі.

Ауыл шаруашылығының өңделген өнім экспорты импорттан асып түсіп (экспорт – 600 мың тонна, импорт – 278 мың тонна), көп жылғы үрдіс алғаш рет оң өзгеріс көрсетті (2022 ж экспорт – 149 мың тонна, импорт – 319 мың тонна).


Шағын және орта бизнес саласы да тұрақты өсім көрсетіп отыр. Соның ішінде Туризм саласы ауылдық аймақтар үшін негізгі табыс көзіне айналуда. Туристер ағыны 2 есеге артты.

Көлсай көлдері – ішкі нарықты дамытудың айқын мысалы. Өткен жылы бұл нысанға 600 мыңға жуық адам келді. Бұл жергілікті бизнес пен тұрғындарға 6 млрд теңге табыс әкелді.

Ал жылдың төрт мезгілінде жұмыс істейтін «Ойқарағай» тау курортына тек қысқы маусымда 400 мың адам демалуға келді. 


Инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Нормативтік деңгейдегі жолдардың үлесі 95%-ға жетті (бұған дейін 90%). 3,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, кезекте тұрған 7,7 мың адам баспанамен қамтылды, оның ішінде 3,8 мың азамат – әлеуметтік осал топтағылар.

100-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерді. 51 денсаулық сақтау мекемесі, 48 мектеп, 9 мәдениет үйі және 7 спорт нысаны салынды.

Жылдың соңына дейін қосымша 165 инфрақұрылым мен жаңа нысандар бой көтереді. Оның ішінде ЕРС+F тетігі бойынша 9 мектептің құрылысы жоспарлануда.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алатау қаласын дамыту жөніндегі көтерген тақырыптар
  • Әлеуметтік қолдау мен отбасы институтын нығайтудың маңызы зор
  • Конституциялық деңгейде бекіту жайын қозғады
  • Ұлттық валюта қорғалуы тиіс
  • Зиянды өтеу құқығы айтылды