

Балқаш ауданында 2025 жылы аудандық Құрылыс бөлімі арқылы үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 90 үй сатып алынды. Қазіргі уақытта аталған үйлердің 69-ы «Отбасы Банк» АҚ-ң бөлу туралы тізіміне сәйкес, кезекте тұрған азаматтарға берілді. Оның ішінде: көп балалы отбасылар - 51, толық емес отбасылар - 11, 1,2-топтағы мүгедектер - 4, мүгедек бала асыраушы отбасылар - 3. Қалған 21 үй «Отбасы Банк» АҚ-ң бөлу туралы тізімі келгеннен кейін кезекте тұрған азаматтарға берілетін болады.
Тұрғын үй қатынастарын реформалау және тұрғын үйді есепке алу мен бөлуді бірыңғай оператор арқылы орталықтандыру аясында, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы негізінде, 2025 жылдың мамыр айынан бастап тұрғын үй кезегін жүргізу жергілікті атқарушы органдардан «Отбасы Банк» АҚ-на берілді.
Қосымша хабарлама: кезекте тұрған барлық азаматтар үй кезегі бойынша құқықтарын жүзеге асыру үшін, orken.otbasybank.kz платформасы арқылы деректерін тексеріп, қажет болған жағдайда түгендеуден өтуі тиіс.
Балқаш ауданның тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының м.у.а. Қашқынбаев Азат Алмабекұлы


