"Күшіміз бірлікте" атты маңызды акция өтті

a74f562c-8a5c-4dbe-9d84-01efc4b212c3.jpg

    Жамбыл ауданында "Күшіміз бірлікте" атты маңызды акция өтуде. Бұл акцияның басты мақсаты – бірлік, ынтымақтастық және қолдау көрсету арқылы қиындықтарды бірге еңсеру.  

    "Күшіміз бірлікте" акциясы тек қайырымдылық шарасы ғана емес, бұл әрқайсымыздың азаматтық жауапкершілігімізді арттыратын, бізді бір-бірімізге жақындататын және ортақ игілік үшін жұмыс істейтін науқан. Акция аясында 26 жалғыз басты қарттың үй ауласы қардан тазаланды, 11 мұқтаж отбасыға материалдық көмек көрсетілді, қарапайым жұмысшылардың еңбегін бағалау шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі, үлкендерге ізет көрсету, ұлттық дәстүрлерді насихаттау секілді маңызды шаралар өткізілді.

    "Күшіміз бірлікте" акциясы әрбір тұрғынның қатысуын қолдай отырып, қоғамның тұрақтылығы мен достығын нығайтуға үлес қосады.

    Ендеше, бәріміз бір-бірімізді қолдап, күшімізді біріктірейік, қиындықтарды жеңіп, еліміздің гүлденуіне өз үлесімізді қосайық!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті
  • Глава государства провел встречу с соотечественниками, работающими в Японии
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді
  • Глава государства посетил храм Мэйджи Джингу
  • Закон о запрете пропаганды ЛГБТ одобрил сенат в первом чтении Данный текст скопирован с сайта Infor