Отан қорғау – ер азаматтың қасиетті парызы


IMG_0451.jpeg

Ел қорғаны – ер азамат. Қай заманда да Отанның тыныштығы мен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, туған жердің тұтастығын қорғауәрбір азаматтың қасиетті борышы саналған. Тәуелсіз ҚазақстанныңҚарулы Күштерін нығайту, әскери қызметтің беделін арттыру және жасұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру – бүгінгікүннің маңызды міндеттерінің бірі.

Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы КүштерініңЖоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери-патриоттықтәрбие мәселесіне әрдайым ерекше назар аударып келеді. Президент 2026 жылғы 26 маусымда «Айбын» XII халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында сөйлеген сөзінде жастарды отаншылдықрухта тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталып, әскери қызметтіңқоғамдағы орны мен мәртебесін көтеру қажеттігін атап өтті.

«Сарбаз болу – зор мәртебе. Қарулы күштер сапында борышынөтеген әр азамат көп-шілік құрметіне бөленуі керек», – деді Мемлекетбасшысы. 

Шын мәнінде, Отан алдындағы борышын өтеу – әрбір жас азаматүшін үлкен жауапкершілік әрі азаматтық кемелденудің маңызды кезеңі. Әскер – тек әскери машық пен жауынгерлік дайындықты меңгеретінорын ғана емес, сонымен қатар тәртіпке, төзімділікке, табандылыққа, ұйымшылдық пен жауапкершілікке баулитын өмір мектебі.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жыл сайын 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар мерзімді әскери қызметкешақырылады. Әскерге шақыру науқаны жылына екі рет – көктемдежәне күзде өткізіледі. Бұл ретте азаматтардың денсаулық жағдайы, заңнамада көзделген кейінге қалдыру және әскери қызметтен босатунегіздері ескеріледі. 

Бүгінде әскери қызметтің беделін көтеру бағытында да бірқатармаңызды бастамалар қолға алынуда. Мемлекет басшысыныңтапсырмасына сәйкес, әскерге шақыру, әскери ант қабылдау жәнеқызметтен босату рәсімдерін жаңа форматта, ерекше салтанатпенұйымдастыру көзделген. Мұндағы басты мақсат – әскери дәстүрлердіжаңғырту, жас сарбаздардың бойындағы патриоттық сезімді күшейтужәне қоғамның әскерге деген құрметін арттыру.

Әрине, Отан қорғау тек әскери киім киіп, қару ұстаумен шектелмейді. Ол – елге адал қызмет ету, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, заң мен тәртіпті сақтау, туған жердің өркендеуіне үлес қосу. Әскер қатарындашыңдалған жас жігіт ертеңгі күні қоғамның белсенді мүшесіне, жауапкершілігі жоғары азаматқа айналады. Сондықтан жастардыңәскери қызметке баруын қолдау – барша қоғамға ортақ міндет.

Бұл ретте ата-аналардың да орны ерекше. Ұлын әскерге шығарыпсалған әрбір отбасы оның аман-есен оралуын тілейді. Ал мемлекеттіңміндеті – әскери қызметшілердің денсаулығы мен қауіпсіздігінқамтамасыз ету, олардың лайықты жағдайда қызмет атқаруына барлыққажетті мүмкіндікті жасау. Әскер қатарында заңдылық пен темірдейтәртіптің сақталуы, сарбаздардың құқығы мен өмірінің қорғалуыәрдайым басты назарда болуы тиіс.

Жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру ісі мектеп қабырғасынанбасталуы қажет. Өскелең ұрпақ ел тарихын, батыр бабалардың ерлігінбіліп, Тәуелсіздіктің қадірін түсініп өсуі керек. Отанға дегенсүйіспеншілік отбасындағы тәрбиеден басталып, білім беру ұйымдарында, қоғамдық ортада жалғасын тапқанда ғана өз нәтижесінбереді.  

Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, шекарамыздың шебі мығым болуы – баршамыз үшін қымбат құндылық. Ендеше, ел қорғаны болатын жассарбаздардың бойында батылдық пен намыс, жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру – ортақ парызымыз.

Отанды қорғау – абыройлы міндет, ал сол міндетті адал атқару – азаматтықтың биік өлшемі. Елін сүйген ер ғана туған жерініңтыныштығы мен болашағы үшін жауапкершілік жүгін арқалай алады.

 

Данияр БОЛАТҰЛЫ, аудан әкімінің орынбасары, Балқашауданының әскерге шақыру комиссиясының төрағасы.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Отанға қызмет ету – елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі
  • Қарасай ауданы: халық саны өсіп, экономикалық әлеуеті артып келеді
  • Отан қорғау – ер азаматтың қасиетті парызы
  • Жаңа Конституция –болашақтың бастауы
  • 17 қараша – Халықаралық шала туған нәрестелер күні!