
17 қазан күні Бақанас ауылындағы «Шапағат» базарында «ДАЛА ДӘМІ» акциясы аясында жәрмеңке ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері мен күнделікті қажетті тауарлар тұрғындарға тиімді бағамен ұсынылды.
Аталған шара отандық өнімдерді қолдауға, ауыл шаруашылығын дамытуға және халықты қолжетімді тауарлармен қамтамасыз етуге бағытталған.
Отандық өнімді қолдау – ауыл шаруашылығын қолдау!


