​«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА АУЫЛ, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

IMG_9322.jpeg

2026 жылғы 10 қазан күні Бірлік ауылында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде жалпұлттық сенбілік өткізілді.

Іс-шараның ашылуында Бірлік ауылдық округінің әкімі Алтынбай Самат Алтынбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, қоршаған ортаны қорғау мен ауыл тазалығын сақтаудың маңыздылығына тоқталды және қатысушыларды тиісті аумақтарға бөліп, тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Игі бастамаға ауыл тұрғындарымен қатар, ауылдағы бірқатар мекеме ұжымдары белсене қатысты. Атап айтқанда, «Бірлік» агрофирмасы ЖШС ұжымы, «Бірлік АЖА» ұжымы, ветеринария қызметі, орман шаруашылығы ұжымы, Бірлік акушерлік пункт ұжымы, сондай-ақ ауылдық округ әкімшілігі, мәдениет үйі, балабақша мен мектеп ұжымдары ауыл тазалығына өз үлестерін қосты.

Сенбілік барысында қатысушылар белгіленген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық орындарды, көше бойлары мен арық-атыздарды ретке келтірді.

Тазалық – баршамызға ортақ міндет! Туған ауылымыздың көркеюі мен қоршаған ортаның тазалығы әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты. Осындай игі шаралар ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыра түседі.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЖЕҢІСКЕ ТОЛЫ ЖАҢАЛЫҚ!
  • ​«Полиция қызметкерімен бір күн» акциясы
  • ​«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА АУЫЛ, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!
  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал