

Мүмкіндігі шектеулі жандардың күніне орай «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті!
Бақанас арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен Мүгедектігі бар адамдар күніне арналған ерекше концерттік бағдарлама мен «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық фестивалі жоғары деңгейде өтті.
Мүгедектігі бар азаматтардың қоғамға бейімделуіне, таланттарын паш етіп,ерекше көңіл-күй сыйлауға бағытталған бұл шараға қадірлі қонақтар да қатысты.
Шараның өтуіне атсалысқан және демеу көрсеткен ұйымдар:”Әділет”партиясы Балқаш аудандық филиалы, Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
Шара барысында арнайы концерттік бағдарлама ұсынылып, қатысушыларға жылы лебіздер мен сыйлықтар табысталды.Мұндай іс-шаралар мейірімділік пен қолдаудың жарқын үлгісіне айналып, жүректерді жақындастыра түсетіні айқын.
Өз тілшімізден.


