
Балқаш ауданының полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарында оқушылармен кәсіптік бағдар беру бағытында кездесулер өткізді.
Кездесу барысында жасөспірімдерге ішкі істер органдарындағы қызметтің негізгі бағыттары, полиция қызметкеріне қойылатын талаптар, қызметтің ерекшеліктері мен артықшылықтары түсіндірілді.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері ведомстволық оқу орындарына түсу тәртібі, білім алу мүмкіндіктері және болашақ мамандықты таңдаудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметінің күнделікті жұмысымен және түрлі бағыттарымен жақынырақ танысты.
Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – жастарға құқық қорғау саласындағы мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат беру, олардың кәсіби бағдарын айқындауға ықпал ету және қызметке қызығушылық танытқан жастарды ведомстволық оқу орындарына түсуге бағыттау.
Болашақ мамандық – бүгінгі таңдаудан басталады!


