
Бұл – ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалық әрі елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Жыл сайын салынған жаңа үйлер кезекте тұрған азаматтарға, сондай-ақ әлеуметтік осал топтарға табысталып, баспанаға мұқтаж жандардың қуанышын еселей түсуде. Жаңа үйдің кілтін қолына алған әр отбасы үшін бұл – көптен күткен арманның орындалуы.
Қазіргі таңда Бақанас ауылында тағы да жаңа тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Заманауи, жайлы баспаналардың салынуы ауылдың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Баспана мәселесінің біртіндеп шешілуі – ауыл халқы үшін үлкен қолдау. Жыл сайын жаңа үйлердің бой көтеріп, тұрғындарға қуаныш сыйлауы Бақанастың болашағының жарқын екенін аңғартады.
Жаңа үйлер – жаңа қоныс, жаңа мүмкіндік және әр отбасы үшін жаңа өмірдің бастауы.


