Кітаппен өткен тағылымды кездесу

4905db3a-57fe-4092-bceb-f2215b59722a.jpeg

Кітап – адамзаттың рухани қазынасы, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан асыл мұра. Оның адам өміріндегі маңызы қашанда жоғары. Оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттырып, әдеби шығармаларды кеңінен насихаттау мақсатында елімізде түрлі мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылып келеді.

Осындай игі бастамалардың бірі – «Кітап Time – 2026» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында 11 қыркүйек күні Береке ауылдық кітапханасында өтті. Кітапханада оқырмандарға арналған «Book Talk» – кітап туралы қысқаша әңгіме атты танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқырмандар арасында әдеби шығармалар туралы пікір алмасу мәдениетін қалыптастыру және кітап оқудың рухани маңызын насихаттау.

Кездесу барысында кітаптың адам өміріндегі орны, көркем әдебиеттің жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырудағы рөлі туралы сөз қозғалды. Қатысушылар өздері оқыған шығармалары жайында ой бөлісіп, көңілдерінен шыққан кітаптардың мазмұны мен басты кейіпкерлері туралы әңгімеледі. Әсіресе, әр оқырманның өзіне әсер еткен шығарманы таныстыруы шараның мазмұнын байытып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді.

«Book Talk» форматының ерекшелігі – оқырманның кітап жайлы өз ойын ашық жеткізіп, өзгелерге оқуға лайықты шығармаларды ұсына білуінде. Бір оқырманның сүйікті кітабы екінші оқырманға жаңа шығарма ашып, кітап әлеміне қызығушылығын оятуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, мұндай кездесулердің оқырман қауым үшін берері мол.

Кітапхана – кітап сақталатын ғана емес, оқырман мен әдебиетті тоғыстыратын рухани орда. Сондықтан осындай тағылымды кездесулер арқылы ауыл тұрғындарының кітап оқуға деген ынтасын арттыру, әдеби орта қалыптастыру – кітапхана жұмысының маңызды бағыттарының бірі.

Шара соңында қатысушылар кітапхана қорындағы әдебиеттермен танысып, өз қызығушылықтарына сай шығармаларды таңдап, кітап оқуға ұсыныстар алды.

Кітап – өткенді танытып, бүгінді бағамдауға, болашақты болжауға жетелейтін рухани құрал. Кітап оқитын ұрпақ – ойлайтын, ізденетін, білімге ұмтылатын ұрпақ.

Береке ауылдық кітапханасында өткен «Book Talk» кездесуі де осы мақсатты көздеген мазмұнды шаралардың бірі болды.

Береке ауылдық кітапханасының

кітапханашысы Стамбаева Қырмызы Болатқызы


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кітаппен өткен тағылымды кездесу
  • ҚАРТТАР – ҚОҒАМ ҚАЗЫНАСЫ
  • Ауданда 207 отбасы баспаналы болмақ
  • Алматы облысында 3 сорғы станциясы салынады
  • Азаматтардың құқығын қорғау және гуманизм қағидаттары