ЖОЛ – ХАЛЫҚТЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНІҢ КҮРЕТАМЫРЫ

e75f31a9-9149-4f53-961f-4cbe7cc285c1.jpeg

Соңғы жылдары елімізде ауылдық аумақтарды дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердің инфрақұрылымын жаңғырту, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру және елді мекендерді заманауи талаптарға сай дамыту жөнінде нақты міндеттер қойған болатын. Осы міндеттерді жүзеге асыру аясында ауданымызда да ауыл көшелерін жөндеу және жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Елдімекендердің ифрақұрылымын дамыту – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды бағыттарының бірі. Әсіресе, аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылішілік көшелердің сапалы болуы тұрғындардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, қауіпсіздігіне және әлеуметтік нысандарға қатынауына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты аудан көлемінде жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар биыл да өз жалғасын табуда.

   Аудан көлемінде 2024-2025 жылдары бірқатар ауыл көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілген көшелер ауыл ажарын көріктендіріп тұрған жайы бар. 

    Атап айтсақ, 2024 жылы аудан орталығындағы Қ.Бижанов көшесіне жаяу жүргіншілерге тасжол және автотұрақ салу жұмыстары жасалса, Бақанас ауылы Д.Конаев көшесінің  385 метіріне  және Т.Байқуатов көшесінің 1,385 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жасалды. Сонымен қатар Бақбақты ауылындағы Хван көшесінің 700 метріне, Миялы ауылындағы Малайсары көшесінің 460 метріне және Жиделі ауылының Иманбеков көшесінің  740 метріне орташа жөндеу және Бәкей көшесінің 970 метріне орташа жөндеу негіздемесін салу жұмыстары жасалды. Көктал ауылындағы Сүндетбай к-і 0,486 метріне орташа жөндеу негіздемесін салу жұмыстары жасалды. Сондай-ақ Көктал ауылындағы Сәтбаев көшесінің 350 метріне, және Миялы ауылының Жетісу көшесінің 400 метріне орташа жөндеу негіздемесін салу жұмыстары жоспарға сай атқарылды. 

Ал 2015 жылы Бақанас ауылы Самал көшесінің 700 метріне және Балатопар ауылындағы Құлмаханұлы және Есім көшелерінің 1,630 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жасалды. Сондай-ақ Құйған ауылының Молдаров көшесінің 1,400 шақырымына және Желтораңғы ауылындағы Аэродромная көшесінің 1,250 шақырымына орташа жөндеу негіздемесін салу жұмыстары жасалса, Ақкөл ауылдық округіне қарасты Көкжиде ауылындағы Мектеп көшесі 572 метріне және Таубаев көшесі 270 метріне орташа жөндеу негіздемесін салу жұмыстары жасалды. Сонымен қатар Топар ауылының Б.Момышұлы көшесінің 515 метріне, Ақкөл ауылындағы Темірбаев көшесінің 460 метріне орташа жөндеу негіздемесін салу жұмыстары жасалды.

   Биылғы жылы аудан көлеміндегі бірқатар ауыл көшелеріне жергілікті бюджет есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл жұмыстар елді мекендердегі жол сапасын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз қатынауына мол мүмкіндік береді.

    Жөндеу жұмыстары жоспарланған көшелерге тоқталсақ, Бақанас ауылындағы Ы.Алтынсарин көшесінің 1,700 шақырымына, Қарой ауылындағы С.Досболов және З.Быдышев көшелерінің жалпы ұзындығы 2,378 шақырымына, сондай-ақ Береке ауылындағы Ә. Ахметов көшесінің 260 метріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

  Жол жөндеу барысында ескі жолдар жаңартылып, көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасалады. Сонымен қатар, тұрғындардың мектепке, балабақшаға, медициналық мекемелерге және басқа да әлеуметтік нысандарға қатынауы жеңілдей түседі.

Алдағы уақытта жоспарланған жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде сапалы орындалып, ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет етеді деп күтілуде.   

Жол – халықтың күнделікті өмірінің күретамыры. Сондықтан ауыл көшелерін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары ауданның тұрақты дамуына серпін беріп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қоса бермек.

 

Әсембек ҚАМЗАЕВ, аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЖОЛ – ХАЛЫҚТЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНІҢ КҮРЕТАМЫРЫ
  • Тұрғын үйлерді көптеп соғу - мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі
  • Жаңа Конституция аясындағы рақымшылық
  • Радиационные технологии помогут сократить потери урожая и сберечь воду
  • Елдің болашағына жасалынатын қадам