Жаңа Конституция аясындағы рақымшылық

Мемлекет басшысы 

Қасым-Жомарт Тоқаев 

құқықтық мемлекет қалыптастыру барысында заң үстемдігіне ерекше мән беріп келеді. Президенттің «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамдағы тұрақтылықтың, әділеттіліктің және азаматтардың қауіпсіздігінің берік негізі болып саналады. Рақымшылық туралы заң да осы қағидатқа сай қабылданған маңызды құқықтық шешімдердің бірі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің басты Заңы әрі тәуелсіздіктің тұғыры. Жаңа Конституцияның қабылдануы ел өміріндегі маңызды тарихи кезең болды. Осы айтулы оқиғаға орай қабылданған рақымшылық туралы заң мемлекеттің әділеттілік пен адамгершілік қағидаттарына адалдығын көрсетті.

Рақымшылық – мемлекет тарапынан жасалатын гуманизмнің көрінісі. Оның басты мақсаты – қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін, алғаш рет немесе жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған азаматтарға түзелуге мүмкіндік беру, олардың қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасау. Бұл – заңды бұзған әрбір адамға емес, жасаған ісіне өкініп, түзелу жолына түсуге ниетті азаматтарға берілетін ерекше мүмкіндік. Рақымшылық туралы заң аясында бірқатар бас бостандығынан айырылған азаматтар жазадан толық босатылды немесе олардың жаза мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын азаматтарға, кәмелетке толмағандарға, әйелдерге, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға ерекше көңіл бөлінді. Алайда ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған, терроризмге, экстремизмге, сыбайлас жемқорлыққа немесе адам өміріне қарсы ауыр қылмыстарға қатысы бар адамдарға рақымшылық қолданылмайды. Бұл заңның басты қағидаты – гуманизм мен әділдіктің тең сақталуы. 

Рақымшылық жасау арқылы мемлекет жазалауды ғана емес, адамға сенім білдіруді де көздейді. Қателік жасаған азаматқа түзелуге мүмкіндік беру – өркениетті қоғамның белгісі. Алайда мұндай мүмкіндік үлкен жауапкершілік жүктейді. Рақымшылыққа іліккен азаматтар заң талаптарын сақтап, қоғамға пайдалы еңбек етіп, адал өмір сүруге ұмтылғанда ғана бұл шешімнің 

мәні арта түседі. 

Қазіргі таңда елімізде сот-құқықтық реформалар жүйелі түрде жалғасуда. Қылмыстық саясат кезең-кезеңімен жүзеге асып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға басымдық берілуде. Бұл – Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен заң үстемдігі қағидаттарының нақты жүзеге асуының айқын дәлелі.

Қорытындылай келе, «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – мемлекетіміздің адамгершілік, әділеттілік және құқықтық мемлекет қағидаттарына негізделген маңызды құқықтық актілерінің бірі. Оның негізгі мақсаты – қоғамға қауіпсіздігі төмен азаматтарға екінші мүмкіндік беру, олардың түзелуіне жағдай жасау және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайта түсері сөзсіз.   

                                                          Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЖОЛ – ХАЛЫҚТЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНІҢ КҮРЕТАМЫРЫ
  • Тұрғын үйлерді көптеп соғу - мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі
  • Жаңа Конституция аясындағы рақымшылық
  • Радиационные технологии помогут сократить потери урожая и сберечь воду
  • Елдің болашағына жасалынатын қадам