
Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының 1 шілдеден бастап күшіне енуіне байланысты Желтораңғы ауылдық мәдениет үйінде "Конституция және жергілікті өзін-өзі басқару" атты мағынасы терең, тағылымы мол дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті. Жиынға ауыл әкімі Е.Шөбеев, Мәдениет үйі директоры Т. Аймұханбетов және ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Мырзахметов қатысты. Спикерлер Жаңа Конституцияның атамекеніміздің өркендеуіне, елдің болашағы мен дамуына қосатын өлшеусіз үлесі барысында баяндама жасады. Ата Заңға енген тарихи өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы жиналған қауымға кеңінен, егжей-тегжейлі мағлұмат берілді. #Конституция
#ЖаңаКонституция
#ҚазақстанРеспубликасы
#ЗаңМенТәртіп
#ЗаңҮстемдігі
#ӘділеттіҚазақстан


