Облыстық спорттық спартакиада өз бастауын алды

6a4b9d08-75ba-4225-9db5-abac3795cf7c.jpeg


Бүгін Балқаш ауданында Алматы облысының ветеринария саласы қызметкерлері арасында дәстүрлі облыстық спорттық спартакиада өз бастауын алды.

Салтанатты ашылу рәсіміне Балқаш ауданының әкімі Азат Үкітайұлы Құтпанбетов пен Алматы облысының ветеринария басқармасының басшысы Бауыржан Темірғалиұлы Дәрібаев қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спартакиада аясында аудандық спорт кешенінде тартысты жарыстар өтуде.

????‍♂️ Дәстүрлі спорттық додаға Алматы облысының барлық өңірлерінен құралған командалар қатысуда. Атап айтқанда, Алматы облысының, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Ұйғыр, Кеген, Райымбек, Талғар, Қарасай аудандарының, сондай-ақ Қонаев және Алатау қалаларының ветеринария саласының қызметкерлері бақ сынауда.

БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ТАРТЫСТЫ ДА ӘДІЛ БӘСЕКЕ, ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖЕҢІС ТІЛЕЙМІН!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады
  • Елорданың еңселі келбеті
  • Қазгидромет ескертеді
  • Заң мен тәртіп
  • Облыстық спорттық спартакиада өз бастауын алды