ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

665.png

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: Іле ауданында балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша профилактикалық

 жұмыстар жүргізілді


Алматы облысы Іле ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері балалардың терезеден құлап кетуінің 

алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізді.


Іс-шара барысында мамандар көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесіп, балалар қауіпсіздігін 

қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау, терезе 

маңына жиһаз қоймау, масаға қарсы торларға сүйенудің қауіптілігі және арнайы терезе бекіткіштерін пайдаланудың 

маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.


Практикалық жұмыстар аясында тұрғын үйлерге арнайы терезе бекіткіштері орнатылып, тұрғындарға қауіпсіздік

 ережелері қамтылған бейнероликтер мен ақпараттық материалдарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін QR-кодтар 

таратылды.


Мамандардың айтуынша, мұндай профилактикалық шаралар балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға 

бағытталған. Осыған байланысты ата-аналар мен заңды өкілдерді қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және 

балаларды үнемі бақылауда ұстауға шақырады.


Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы өнеркәсіп кооперациясы орталықтары мол мүмкіндікке жол ашатынын атап өтті
  • Президент инфрақұрылымдық міндеттер жүзеге асырылса, 2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төр
  • «Инвестиции приходят туда, где работает закон».
  • «Инвестициялар заң үстемдік еткен жерге келеді»
  • Алматы облысында қылмыс деңгейі 6%-ға төмендеді