Заң мен тәртіп

IMG_6816.jpeg

«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 18-20 маусым аралығында Балқаш ауданы аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және балаларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу.

Рейдтік іс-шаралар барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандар анықталып, олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

Сонымен қатар, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне немқұрайлы қараған ата-аналар заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, олардың кешкі және түнгі уақытта заңды өкілдердің бақылауынсыз жүруіне жол бермеңіздер.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы өнеркәсіп кооперациясы орталықтары мол мүмкіндікке жол ашатынын атап өтті
  • Президент инфрақұрылымдық міндеттер жүзеге асырылса, 2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төр
  • «Инвестиции приходят туда, где работает закон».
  • «Инвестициялар заң үстемдік еткен жерге келеді»
  • Алматы облысында қылмыс деңгейі 6%-ға төмендеді