Бүгін Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр

image.png

Саммитке қатысушы делегация басшылары ЕХРО көрме орталығына келді.


Мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.  


БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдармен бірге ұйымдастырылған диалог алаңының мақсаты – экожүйелерді,

 су және жер ресурстарын қорғау, қалпына келтіру әрі бірлесе пайдалану бойынша кешенді саясат пен тетіктерді 

қалыптастыру, Орталық Азия өңірінің биоалуантүрлілігін сақтау. 


Саммиттің пленарлық отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр 

Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті 

Сердар Бердімұхамедов,  Армения Президенті Ваагн Хачатурян,  Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Грузия 

Президенті Михаил Кавелашвили, Әзербайжан Премьер-министрі Али Асадов, БҰҰ Бас хатшысының экономикалық 

және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуа, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Қоршаған орта 

бағдарламасының директоры Ингер Андерсен, сондай-ақ БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы

 Татьяна Молчан сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите