ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫ

image.png

Еліміздің тағдырына әсер ететін маңызды саяси науқан – референдум. Бұл – халықтың өз пікірін білдіріп, мемлекет болашағына тікелей қатысатын үлкен мүмкіндік. Ақсақал ретінде мен референдумды ел бірлігін айқындайтын, халықтың ойы мен үмітін көрсететін маңызды қадам деп білемін.

Қазақ халқы ежелден елдік мәселелерді ақылдасып, кеңесіп шешкен. Бұрын билер мен ел ағалары жиылып, халықтың сөзін тыңдап, ортақ шешім қабылдайтын. Бүгінгі референдум да сол ата дәстүрдің жалғасы іспетті. Яғни, әр азаматтың дауысы – ел тағдырына қосқан үлесі.

Біз аға буын ретінде елдің тыныштығы мен тұрақтылығын бәрінен биік қоямыз. Сондықтан әрбір азамат референдумға бейжай қарамай, өз таңдауын жасап, ел болашағына жауапкершілікпен қарауы керек деп ойлаймын. Бұл – тек бүгінгі күн үшін емес, келер ұрпақтың жарқын өмірі үшін жасалатын қадам.

Ел бірлігі мен татулығы – біздің ең басты байлығымыз. Халық болып жұмылып, ортақ шешім қабылдай алсақ, мемлекетіміздің болашағы да баянды болмақ.

Сондықтан барша жұртты референдумға қатысып, ел тағдырына бейжай қарамауға шақырамын. Өйткені елдің ертеңі – әрқайсымыздың қолымызда.

Ақынбек Станбеков, ауданның Құрметті азаматы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите