«Есептен шығару куәлігі»

2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдум өтеді.

2026 жылғы 27 ақпаннан бастап Сізге өз учаскеңізде референдумға қатысуға құқылы азаматтардың тізімінде өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі берілетін болады.

Қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса Cіз дереу учаскелік референдум комиссиясына өтінішпен жүгіне аласыз. Егер азамат өзінің болатын жерін өзгертсе, ол 2026 жылғы 27 ақпаннан бастап, 14 наурыз күнгі сағат 18:00-ге дейін учаскелік референдум комиссиясына өтініштің негізінде есептен шығару куәлігін алуға құқылы. Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде алуға рұқсат етіледі.

Есептен шығару куәлігін ұсынған кезде учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру күні азаматты оның болатын жері бойынша учаскедегі тізімге енгізеді. Бір елді мекеннің шегіндегі басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейді.

Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды!

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите