Алматы облысында экологиялық бақылау және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

3fa645a7-a784-4fa8-8eaa-df3c453b197f.jpg

    Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде қоршаған ортаға әсері жоғары кәсіпорындардың қызметіне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шара барысында Алматы облысы бойынша Экология департаментінің экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Раушан Мұхажанова өңірде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

    Спикердің айтуынша, облыстағы ірі кәсіпорындарда қоршаған ортаға түсетін жүктемені төмендету мақсатында заманауи технологиялар кезең-кезеңімен енгізілуде. Атап айтқанда, бірқатар өндіріс нысандарында автоматтандырылған мониторинг жүйелері орнатылып, шығарындылар тұрақты түрде бақылауға алынған.

    Сондай-ақ, энергетика және өндіріс саласында табиғи газға көшу, қалдықтарды қайта өңдеу, ағынды суларды тазарту жүйелерін жаңарту сияқты экологиялық тиімді жобалар іске асырылуда. Бұл шаралар өндіріс орындарының жұмысын экологиялық талаптарға сәйкестендіруге және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

    Баспасөз мәслихаты барысында экология саласындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатыны, ал негізгі басымдық таза технологияларды енгізу мен тұрақты дамуды қамтамасыз ету екені атап өтілді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында экологиялық бақылау және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде
  • ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ
  • «Балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды бақылаудың жаңа тәртібі туралы»
  • Алматы облысында жаңа жылдық мерекелерді қауіпсіз өткізуге арналған профилактикалық іс-шаралар талқы
  • Глава государства провел встречу с Президентом Российской Федерации