«Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету мақсатында аудан жастарымен кездесу өтті.

666.png667.png

667.png

Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары – Нұрманов Данияр Болатұлы, 

Балқаш ауданының прокуратурасының прокуроры - Нұрмухамедов Нұрсұлтан 

Нұрланұлы, Балқаш ауданының полиция бөлімінің қызметкері - Ибабаева Айжан

 Бейбітқызы қатысып, жастар арасында заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтың 

алдын алу, қоғамдық тәртіп пен жауапкершілікті арттыру мәселелері бойынша түсіндіру 

жұмыстарын жүргізді. 

Кездесу барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты қалыптастырудың маңыздылығы, 

заңды құрметтеу және тәртіпті сақтау – қоғам тұрақтылығының негізгі кепілі екендігі атап өтілді. 

Сонымен қатар, жасөспірімдер тарапынан қойылған сұрақтарға сала мамандары тарапынан нақты 

жауаптар берілді. 

Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақ арасында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттау,

 құқықтық мәдениетті арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады.


#ЗаңменТәртіп 

#ҚұқықтықСауаттылық


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • От ожиданий к выбору: как менялись электоральные настроения казахстанцев на протяжении избирательной
  • Қазақстанда 9,1 мың тонна шай және кофе өндірілді
  • В Казахстане произведено 9,1 тыс. тонн чая и кофе
  • Заң мен тәртіп
  • Таза Қазақстан