Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президенті Шинго Уэноны қабылдады

11.png

Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода Жапонияның ірі және ықпалды сауда-инвестициялық корпорацияларының бірі саналатын Sumitomo жетекшісімен кездесті.


????Қазақстан Президенті еліміз Sumitomo корпорациясының орнықты даму мен бизнестің жауапкершілігін арттыруға бейілдігін жоғары 

бағалайтынын, сондай-ақ компанияны ұзақ мерзімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.


????Шинго Уэно Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясымен бірлескен жобаны іске асыру жайында мәлімет берді.

 Аталған жоба ядролық медицина саласында уран өнімдерінен ем-шараға қолдануға арналған радий изотоптар алудың ғылыми-негіздемелік 

әдістерін әзірлеуді қарастырады.


????Кездесуде көлік-логистика, энергетика, атом өнеркәсібі, металлургия және геологиялық барлау салаларында бірлескен инвестициялық

 бастамаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Алматинской области стартовал проект «TURGYNDAR AMANATY» партии «AMANAT»
  • Алматы облысында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы бастау алды
  • Президенты Казахстана и Манголии провели переговоры в узком составе
  • Қазақстан мен Маңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
  • Тиімді мемлекеттік қызмет және меритократия принципі