Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді

1.png

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юрико Коикэ цифрландыру, Smart city технологияларын және қаланы орнықты дамыту, жасанды интеллект, шаһарды басқару 

ісіне инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады


????Сонымен қатар мегаполистердің тұрғындары мен қонақтары үшін анағұрлым жайлы, экологиялық тұрғыдан таза, қауіпсіз және инклюзивті орта 

қалыптастыру жайын қарастырды. 


????Мемлекет басшысы қаланы басқару ісіне жасанды интеллектіні енгізу бойынша екі ел астаналары арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екеніне тоқталды. 


????Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Токио қаласының Smart city тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды, 

шаһарды басқару тиімділігін арттыруды және орнықты даму үшін озық технологияларды пайдалануды көздейді. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дені сау ұрпақ - есірткісіз қоғамның негізі
  • Жол қауіпсіздігін ұстанайық!
  • Бас прокуратура 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын шығарды
  • Генеральная прокуратура подвела итоги работы за первое полугодие 2026 года
  • Генеральная прокуратура подвела итоги работы за первое полугодие 2026 года