Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

555.png

Президенттің айтуынша, азаматтарымыз да бұл мәселеге жауапкершілікпен 

қарауы керек. 


– Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Соның бәрін 

үнемдеп, ақылмен пайдаланған абзал. Жалпы, бұл – тұтас экономикаға ортақ талап. 

Ысырапшылдыққа жол беруге болмайды. Халқымыз «Үнемшілдік – ырыстың кілті» деп 

бекер айтпаған. Біз осы қасиетті ұлттық дағдымыз етіп, қоғамда мүлдем жаңа мәдениет

 қалыптастыруымыз керек. Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз – еліміздің энергетикалық 

дербестігінің мызғымас кепілі. Әділетті, Таза, Қуатты Қазақстанда өздеріңіз сияқты еңбек 

адамдары ең жоғары сый-құрметке лайық, – деді Мемлекет басшысы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Адам құқығы басты назарда
  • Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті
  • Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды
  • ЖЕҢІСКЕ ТОЛЫ ЖАҢАЛЫҚ!
  • ​«Полиция қызметкерімен бір күн» акциясы