Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанның энергетикалық картасында атом станциясының пайда болуы ел экономи

555.png

Мемлекет басшысы қазір бүкіл әлем түбегейлі бетбұрыс кезеңін бастан өткеріп

 жатқанын алға тартып, атом станциясының құрылысын бастау туралы стратегиялық 

шешімнің маңызына назар аударды. Президенттің пайымдауынша, бұл болашақта 

еліміздің энергетикалық келбетін түбегейлі өзгертіп, экономикамызды қайта құруға 

ықпал етеді.


– Балқаш атом электр станциясының құрылысы, одан кейінгі салынатын екінші 

АЭС Қазақстанның энергетикалық әлеуетін арттыратыны сөзсіз. Сондай-ақ ядролық

 энергетика сияқты маңызды салада жаңа бағыттардың дамуына септігін тигізетін

 болады. Қазақстанның энергетикалық картасында атом станциясының пайда болуы 

ел экономикасының жаңа әрі сапалы деңгейге көшкенін білдіреді. Жалпы, дүние 

жүзінде болып жатқан ауқымды өзгерістердің энергетика саласына ықпал ететіні сөзсіз. 

Әлемде қуат көздеріне қызу тартыс жүріп жатыр десек, артық болмайды. Бұған сақадай 

сай дайын болғанымыз жөн. Мемлекет энергетика мамандарының жаңа буынын даярлап, 

осы саланың әлеуетін арттыра береді, – деді Президент


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства призвал использовать ресурсы рационально
  • Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды
  • Касым-Жомарт Токаев: «Появление на энергетической карте Казахстана атомных станций будет означать пе
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанның энергетикалық картасында атом станциясының пайда болуы ел экономи
  • Президент: «Доля возобновляемых источников в общем энергобалансе превысила 7%»