Мемлекет басшысы: «Қазақстан – көмірге бай ел. Осы стратегиялық артықшылықты дұрыс пайдаланған жөн»

111.png

Президенттің пікірінше, Қазақстанның табиғи ресурстарын және өндірістік әлеуетін 

ескерсек, біз электр қуатын басқа елдерден сатып алмауымыз керек. 


– Түптеп келгенде, бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Бұдан бөлек, еліміздің зор 

энергетикалық мүмкіндігін тиімді қолдану қажет. Мысалы, Қазақстан – көмірге бай ел. 

Жыл сайын 110 миллион тоннадан астам көмір өндіріледі. Осы стратегиялық 

артықшылықты дұрыс пайдаланған жөн.  Біз заманауи үлгідегі «таза көмір» 

технологиясына тезірек көшуіміз керек. Сол арқылы көмір станцияларының тиімділігін

 арттыра түсеміз. Бұдан бөлек, Курчатов қаласында жылу электр станциясын, Көкшетау, 

Семей, Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын салу қажет. Осы нысандардың 

барлығына «таза көмір» технологиясын енгізу керек. Шындығын айтсақ, бұл жобалардың 

жүзеге асуы әбден созылып кетті. Енді ары қарай күтуге болмайды, 

 деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Меню «Закон и порядок»: в Алматинской области продолжается системная работа по профилактике коррупц
  • Заң мен тәртіп: Алматы облысында сыбайлас жемқорлық көрсеткіші 75 пайызға төмендеді
  • Дені сау ұрпақ - есірткісіз қоғамның негізі
  • Жол қауіпсіздігін ұстанайық!
  • Бас прокуратура 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын шығарды