Үкімет энергетика саласын дамыту туралы: 160-қа жуық ЖЭК стансасы электр қуатын өндірудің 7%-дан аст

re.png

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында «жасыл технологиялар» жобаларын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Жаңартылатын энергия көздері саласында Қазақстан әлемдік инвесторлар үшін тартымды алаңға айналып отыр.


ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша таза энергия генерациясының үлесі жалпы өндіріс көлемінің 7%-нан асты, ал стансалар саны 159-ға жетті.


«Биыл 266 МВт жиынтық қуатқа ие бірқатар маңызды жобаны жүзеге асырдық. Қарағанды және Ұлытау облыстарында жаңа жел электр стансалары, Қызылорда және Маңғыстау өңірлерінде күн парктері пайдалануға беріліп, еліміздің энергетикалық жүйесіне нақты үлес қосуда»,

— деді Ерлан Ақкенженов.


Сала дамуының ең бір маңызды кезеңі бірінші рет гигаваттық класты жел электр стансасын және энергия жинау жүйелерін салу бойынша ірі аукционның өткізілгені болды. Бұл қадам елімізде икемді әрі тұрақты энергетикалық жүйе құруға жаңа мүмкіндіктер ашты. Аталмыш тәжірибе нарықтың ірі жобаларды қабылдауға және заманауи технологиялық шешімдерге дайын екенін көрсетті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Алматинской области стартовал проект «TURGYNDAR AMANATY» партии «AMANAT»
  • Алматы облысында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы бастау алды
  • Президенты Казахстана и Манголии провели переговоры в узком составе
  • Қазақстан мен Маңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
  • Тиімді мемлекеттік қызмет және меритократия принципі