
Қарапайым жұмысшы мамандығы – қоғам үшін аса маңызды да қадірлі кәсіптердің бірі десек те болады. Бұл мамандық иелері - өндіріс пен түрлі салалардың негізін құрайтын адамдар. Олар еліміздің экономикасының артуына өз-дерінің сүбелі үлестерін қосып, әрдайым жауапкершілігі жоғары жұмыстарды атқарып жүр.
Сондықтан да Мемлекет басшысы олардың ерен ең-бектерін ескеріп, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама адал еңбек етіп, адал табыстарға жетіп жүрген нағыз еңбек адамдарына құрмет көрсетуге мол мүмкіндік туғызды. Ерінбей еңбек еткен адам басқа жандардың қасында ерекшеленіп тұрады. Себебі, еңбек адамының өмірге деген көзқарастары ерекше.
Ел-жұртының қамын ойлап, күндіз-түні еңбек ететін азаматтар ауданымызда баршылық. Өзінің еңбексүйгіштігі мен ел құрметіне бөленіп жүрген азаматтың бірі Бақанас Теле-мұнарасында - Техникалық жабдықты пайдалану жүйелері мен цифрлық цехының ТРВ желісінің жабдықтарына тех-никалық қызмет көрсету жөніндегі инженері - Азиз Рәшұлы Стамбеков.
Бүгінгі мақаламызға арқау болып отырған Азиз Рәшұлы 1989 жылы Бақанас ауылында дүниеге келген. 1996 жылы қазіргі М.Сеңгірбаев атындағы орта мектебінің табалдырығын аттап, 2007 жылы түлеп ұшқан. Мектеп бітіргеннен кейін 2008 жылы Алматы қаласындағы Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетіне оқ-уға түсіп, аталмыш оқу орнын 2011 жылы Радиотехника Электроника және Телекоммуникация мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ол аталмыш оқу орынын оқып жүрсе де тәжірибе алмасу мақсатында оқу орнының ұйғарымымен 2010 жылы Алматы облысына қарасты Бақанас телемұнарасына 4 санатты электромантер болып жұмысқа орналасқан. Бұл Азиз Рәшұлының үлкен өмірге қадам басуының алғашқы баспалдағы десек болады.
Ана мейіріміне бөленіп, әкесінің ақыл-кеңесіне құлақ түрген еңбексүйгіш азамат 2011 жылы Алматы қаласындағы "Казтелерадио" АҚ-ның филиалында ғимаратқа техникалық қызмет көрсету және экономи-калық қамтамасыз ету бөлімінің электромонтеры болып еңбек жолын жалғастырды.
2013-2016 жылдар аралы-ғында "Қазақтелеком" АҚ-да АТС (СТС) телекоммуникация желісінің жабдықтары бойынша электромонтер болып жұмыс істеді. Ал 2016 жылы Бақанас Телемұнарасына-Техникалық жабдықты пайдалану жүйелері мен цифрлық цехының ТРВ желісінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жөніндегі ин-женері болып жұмысқа орналасып, ал 2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін Бақанас Телемұнарасында жетекші инженер болып жұмыс атқарып келеді.
Әңгіме кейіпкері РТС жә-не РТСм цифрлық және Хабар тарату жабдығын үнемі жақсы жағдайда ұстайды. Жеке әдістермен салынған 20 РТС жобасының аудан бойынша Желтораңғы, Балатопар және Құйған ауылдарындағы төмен қуатты станциясында цифрлық теледидар мен PLICSH таратқыштарын қабылдау-тара-ту жабдықтарын орнату жұмыстарын жүйелі атқарып, станциялардың үздіксіз жұмыс істеуіне ықпал етіп жүрген жайы бар. Сонымен қатар контейнерлері бар қуаттылығы аз РТСм жүйелерін құруда үлкен тәжірбиесі де жоғары маман.
Қандай жұмысты жасаса да ұршықша иіріп әкететін білікті маман өзімен үзеңгілес болып бірге қызмет атқарып жүрген әріптестерінің алдында қашанда беделі жоғары, отбасында қадірлі, 3 баланың әкесі.
Өз мамандығын мақтаныш тұтқан еңбек адамы 2022 жылы «Қазтелерадио» АҚ-ның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін облыстық басқарма басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапат оның өз мамандығына сүйіспеншілікпен қарап, әрмен қарай қажырлы еңбек етуіне серпін берді.
Қай кезеңде болмасын елдің дамуы, өңіріміздің өркендеуі – қарапайым еңбек адамдарының атқарған еңбектерінен басталады.
Ортамызда жүрген осындай ер азаматтардың ел-жұртының қамын ойлап, туған жеріне жасап келе жатқан еселі еңбектері мен атқарған қоғамдық жұмысына қарап олардың еңбектерін жоғары бағалағанымыз дұрыс. Олардың маңдай терлерін төгіп, еліне сіңірген еселі еңбектері, айналасындағыларға жасаған жақсылығын ескеріп, еңбек адамдарына құрмет көрсету жақсылықтың нышаны.
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».


