Алматы облысында 2025 жылдың 9 айындағы мемлекеттік аудит жұмысының қорытындылары ұсынылды

ll.png

Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық Тексеру комиссиясының 

2025 жылдың атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері таныстырылды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында «Әлеуметтік медициналық 

сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалының директоры Әбілдаев Тілеухан, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының 

басшысы Сүлейменов Ержан, сондай-ақ «Бакай-1» ЖШС директорының орынбасары Аліпбаева Жансая мәлімдеді.

Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, 2025 жылдың 9 айында Тексеру комиссиясы жоспарға сәйкес тиімділік аудиттері мен талдамалық іс-шараларды

 жүзеге асырып, барлығы 93 нысанның қызметіне талдау жүргізген. Мемлекеттік аудитпен 197,4 млрд теңге көлеміндегі қаражат қамтылып,

 бюджет жоспарлаудың сапасы, мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігі, ішкі бақылау жүйесінің ұйымдастырылуы және мемлекеттік 

ресурстарды пайдалану тәртібі бағаланған.

Аудит барысында әр сала бойынша қызметті жетілдіру, процестерді оңтайландыру және жоспарлау мәдениетін күшейтуге бағытталған ұсыныстар әзірленді. 

Сонымен қатар, нысандардың жұмысына әдістемелік қолдау көрсетіліп, басқару тетіктерін жетілдіру бойынша түсіндірмелер берілді.

«Аудиттің басты мақсаты — мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру және басқару сапасын арттыру. Жүргізілген талдау 

нәтижелері алдағы кезеңге арналған жоспарлау жұмыстарына негіз болады», – деді Әбілдаев.

«Бакай-1» ЖШС директорының орынбасары Жансая Аліпбаева аудит барысында ұсынылған ұсыныстардың практикалық маңыздылығын атап өтіп, 

олар ұйымдардың жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталғанын жеткізді.

Баспасөз мәслихаты барысында спикерлер Тексеру комиссиясы мен облыстық мемлекеттік органдар арасындағы үйлесімді жұмыстың маңызын

 атап өтіп, алдағы кезеңде аудит сапасын күшейту бағытында бірлескен іс-қимыл жалғасатынын айтты.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында 2025 жылдың 9 айындағы мемлекеттік аудит жұмысының қорытындылары ұсынылды
  • Байсеркеде алғаш рет жаңа жылдық авиашоу өтеді
  • ️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жағдайында цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу ішкі жалпы ө
  • Президент: «Объем несырьевого экспорта продемонстрировал рост почти в два раза»
  • ️Президент: «Шикізаттық емес экспорт көлемі 2 есеге жуық ұлғайды»