️Президент: «Шикізаттық емес экспорт көлемі 2 есеге жуық ұлғайды»

4.png

«Өңдеу өнеркәсібіндегі қосымша құн көлемі бес жылда 25 пайыздан астам өсті. Бұл – тау-кен саласынан едәуір жоғары көрсеткіш. 


Соңғы жылдары негізгі капиталға тартылған инвестиция 70 пайызға көбейді. 


Нақты сектордағы еңбек өнімділігі 40 пайызға артты. 


Шикізаттық емес экспорт көлемі 2 есеге жуық ұлғайды. 


Тауарын шетелге өткізетін кәсіпорындар саны 3 есе көбейді. Соның арқасында бүгінде өнімдеріміз 140 мемлекетке шығарылады. 

Қазақстан тауарлары әлемдік нарықтан өз орнын алып жатыр деп күмәнсіз айтуға болады. Осы орайда, шағын және орта бизнестің рөлі айрықша екені сөзсіз.


Жалпы, еліміздегі кәсіпкерліктің даму қарқыны – белсенді, бүгінде олардың экономикадағы үлесі 40 пайызға жетті. 


Бес жылда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,5 есе артты, ал шығарылатын өнім көлемі 2,5 есе көбейді. 

Елімізде жұмыс істейтін азаматтардың жартысына жуығы, яғни 4,5 миллион адам бизнес саласында еңбек етеді».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында 2025 жылдың 9 айындағы мемлекеттік аудит жұмысының қорытындылары ұсынылды
  • Байсеркеде алғаш рет жаңа жылдық авиашоу өтеді
  • ️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жағдайында цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу ішкі жалпы ө
  • Президент: «Объем несырьевого экспорта продемонстрировал рост почти в два раза»
  • ️Президент: «Шикізаттық емес экспорт көлемі 2 есеге жуық ұлғайды»