ЗАҢ БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ

 58169299-e771-42de-9a2d-b2a5224ddbb2.jpg

Адамзат баласы әлімсақтан бері әділет іздеп келе жатқаны анық. Кей кездері қоғамда тұрақты «Заң жоқ» деп налитынымыз да бар. Осы орайда ойланып, байыппен қарасақ әркімнің өз ақиқаты барын ескерсек, тұтас қоғам мен мемлекеттің «Заң мен тәртіп» қағидатын мүлтіксіз орындауы маңызды мәселе екенін түсінуге болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидатына баса назар аударып, «Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет. Ең алдымен, мемлекетте заң талаптары мүлтіксіз орындалуы керек. Заң бұзған кез келген адам жазасын алуға тиіс» деген болатын.

   Шыныменде ойланып қарасақ заң – қысым көрсетуге немесе жазықсыз жандарды қудалауға арналған құрал емес. Заң – әр адамның құқығы мен бостандығының қорғаны. Сондықтан осы ақиқатты терең түсінетін азаматтық және мәдени орта қалыптастыруымыз қажет.

  Мемлекеттік аппарат пен бүкіл қоғам жұмылып жұмыс істесе, еліміз көздеген мақсатына қол жеткізе алатыны мәлім. Ол үшін озық ойлы ұлт болып, әдептілікті сақтап, ұстамдылық, сыпайылық сияқты қасиеттерді барынша дәріптесе.

  Заң мен тәртіптің маңыздылығын түсіндіру, құқықтық сана мен жауапкершілік деңгейін арттыру, сондай-ақ жеке тұлғаның қоғамдағы орны мен заң алдындағы міндеттерін айқындау. Ал тәртіпке бағыну - мәжбүрлік емес, саналы таңдау болғаны абзал. Сондықтан әрбір азаматтың бойына заңды сыйлауға және заң талаптарын бұлжытпай орындауға құлшы-ныс болуы керек.

  Қазіргі таңда кез - келген келеңсіздіктер мен құқық бұзушылықтан бастап, қылмыстық құқық бұзушылықтың қандай түрі болмасын бүкіл қоғам болып құқық бұзушылықты болдырмау үшін күрес жүргізіп жатыр. Ол дегеніміз қоғамның басты ұстанымы – әділдік және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 

  Иә, заң нормалары баршаға бірдей жұмыс істеп, әрбір азамат тарапынан мүлтіксіз орындалып, қоғамдағы құқық бұзушылықтар жан – жағындағы адамдарға кері әсерін тигізбесе.

   Қорытындылай келгенде алдымен өзгелерден қатаң тәртіпті талап етіп, өзімізге келгенде босаңсып, заң бұзушылыққа жақын тұратын жаман әдеттен арылсақ. Қоғам тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігі ең алдымен заң мен тәртіптің мызғымас болуына тікелей байланысты екенін әсте естен шығармаған да абзал. Тәртіп – жалпыға ортақ құндылыққа, ал заңға бағыну – әркімнің өмір салтына айналуға тиіс. Бұл турасында Бауыржан Момышұлы атамыз: “Тәртіпке бағынған құл болмайды” деп тегіннен-тегін айтпаса керек.

   Құрметті аудан тұрғындары! Заң бәрімізге ортақ дүние. Сондықтанда «Заң және тәртіп» қағидатын аудан көлемінде тұрақты өрістетуге Сіз болып, біз болып бірге атсалысайық!

                 Азат ҚҰТПАНБЕТОВ, аудан әкімі.

#zz16 kun

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЗАҢ БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ
  • ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК!
  • Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы: Премьер-министр мемлекеттік органдардың жұмысын бақылауға а
  • Инициатива Президента «Таза Қазақстан»: Премьер-министр взял на контроль работу госорганов
  • Новый рекорд: поступления в государственный бюджет в Алматинской области превысили 1 трлн тенге