ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК!

a2d6ac1c-3d02-45f6-9496-3e44791d441a.jpg

Еліміздің барлық аймақтарында 25 қарашадан бастап “Зорлық - зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясы өткізіліп жатыр. Бұл акция 10 желтоқсанға дейін өз жалғасын табады.

Акция аясында әйелдер мен балаларды қорғау мәселесіне, сондай-ақ жастар арасында зорлықсыз мінез-құлық мәдениетін дамытуға ерекше көңіл бөліп, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер мен заңгерлер кеңес беріп, жастарға сауатты қарым-қатынас орнату, алғашқы қауіп белгілерін байқау және қауіпті жағдайды жасырмай баяндау жөнінде ақыл-кеңестер беру үшін жұмыстар жүргізу керек.

  Аталмыш акцияның негізгі мақсаты - отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушы-лықтардың алдын алу және үйдегі тәртіп пен тыныштықты сақтау, отбасы мүшелерінің бір - бірімен сыйластықта, тату - тәтті өмір сүрулері.  Республикалық акция барысында полицейлер тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, алкогольдік ішімдікке құмар тұлғаларды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларға тексеріс жүргізе алады. 

  Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін біріншіден балаға ең жақын адамдар, мектеп мұғалімдері, психологтар, ата-аналары атсалысуы керек. Зорлық-зомбылықтың алдын алу, халықтың арасында құқықты түсіндіру, барлық адамдарға құрметпен қарау қөзқарасын қалыптастыру басты міндет.

  Қазіргі таңда қоғамдағы проблемалардың бірі отбасындағы зорлық - зомбылық мәселесі екені жасырын емес.

 Зорлық-зомбылық құқықта - бір адамның екінші бір адамға зардап шеккізіп, оның құқығын таптап және психикалық ықпал жасауы деп айтылған.

 Мысалы,тән азабын шектіретін зорлыққа - адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып - соғу, соққы жасау арқылы денесіне зақым келтіру, жан азабын шектіретін зорлыққа - жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасату үшін қорқыту, адамның психикасына әсер етіп жатады. Бұл адам өміріне зиян келтіретін әрекеттер.

  Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеуіміз керек. «Өз балам, өзім білемін» деп балаға қатыгездік танытуға болмайды. Ата-ана баланың ең жанашыры, қорғаны һәм қамқоршысы.

  Отбасындағы дұрыс тәрбиеге атсалысу, қоғаммен жақсы қарым-қатынаста болу, құрметтеу, өз өміріне, жақындарына жауаптылықпен қарау - азаматтық борышымыз екенін естен шығармағанымыз абзал.

                                                                                                            Өз тілшімізден.

#zz16 kun

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЗАҢ БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ
  • ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК!
  • Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы: Премьер-министр мемлекеттік органдардың жұмысын бақылауға а
  • Инициатива Президента «Таза Қазақстан»: Премьер-министр взял на контроль работу госорганов
  • Новый рекорд: поступления в государственный бюджет в Алматинской области превысили 1 трлн тенге