ЖРВИ деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға төмендеді

1.JPG

    Алматы облысында тұмау мен ЖРВИ маусымы басталып, өңірде респираторлық инфекциялармен дәрігерге жүгінушілер саны артты. Бұл туралы Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат  Исмаилов  баспасөз мәслихатында айтты.

Эпидмаусым басынан бері 27 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген, олардың 47 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. 

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 64 пайызға төмендегенімен, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында және Қонаев қаласында ауру көрсеткіші жоғары.

Биыл тұмаудың A/H3N2 вирусы өткен жылмен салыстырғанда ертерек тіркелді. Барлығы 45 жағдай зертханалық жолмен расталды. Сонымен қатар риновирус, аденовирус және коронавирус сияқты респираторлық вирустар да қатар айналымда жүр.

30 қыркүйекте басталған вакцинация науқаны аясында халықтың 6,5 пайызы екпе алды. Тәуекел топтары 65 пайыз қамтылды: жүкті әйелдер – 78%, медицина қызметкерлері – 69%, созылмалы аурулары бар азаматтар – 48%, жабық мекемелер – 94%, қарттар үйлері – 98%.

Дәрігерлердің айтуынша, тұмау әсіресе екі жасқа дейінгі балалар, қарттар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар адамдар үшін қауіпті. Асқынудың алдын алу үшін вакцина алу, маска пайдалану, қол гигиенасын сақтау, адамдар көп жиналатын орындардан бас тарту және үй-жайларды үнемі желдету ұсынылады. Вирусқа қарсы препараттарды тек дәрігердің нұсқауымен қолдану қажет.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЖРВИ деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға төмендеді
  • Қазақстанда жаңа Qonaev Media телеарнасы эфирін бастады
  • Qonaev Media — новый телеканал в Казахстане
  • ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАР БАС ҚОСТЫ
  • ӨЗ МАМАНДЫҒЫН ТЕРЕҢ МЕҢГЕРГЕН МЕЙІРБИКЕ