Қазақстанда жаңа Qonaev Media телеарнасы эфирін бастады

cae04dca-05e2-4313-a831-255c690ef8c7.jpg

    25 қыркүйектен бастап көрермендерге жаңа Qonaev Media телеарнасы жол тартты. Арнаны бүкіл ел аумағында ID TV, Alma TV, Megogo, TV plus және Otau TV платформалары арқылы көруге болады. Эфир күн сайын таңғы 08:00-ден түнгі 00:00-ге дейін жүргізіледі.

03ab516c-3e47-4da5-a350-0c2d631f3a3e.jpg

     Qon aev Media – қазіргі заманның қарқынына сай жасалған телеарна. Арнаның басты мақсаты – көрерменге түсінікті әрі дер кезінде ақпарат жеткізу. Біз Алматы облысы мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жаңалықтарды кеңінен қамтып, білім мен медицина, экология мен кәсіпкерлік, мәдениет пен спорт саласындағы бастамаларды көрсетеміз.

     Жаңалықтармен қатар, арна эфирінде аналитикалық-сараптамалық бағдарламалар, ток-шоулар мен сұхбаттар, деректі және танымдық жобалар, сериалдар мен ойын-сауық форматтары ұсынылады.

     Qonaev Media – барша қазақстандыққа арналған ортақ алаң. Мұнда билік өкілдерінің де, қарапайым тұрғындардың да ой-пікірі естіледі. Біз шынайы оқиғаларды көрсетіп, өмірге тікелей әсер ететін тақырыптарды талқылаймыз.

     Жаңа телеарнаның ашылуы еліміздің ақпараттық кеңістігі үшін маңызды қадам. Барлық көрерменді Qonaev Media арнасын қосып, ел жаңалықтарын уақытылы білуге және өңірдің тыныс-тіршілігін бірге тамашалауға шақырамыз.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда жаңа Qonaev Media телеарнасы эфирін бастады
  • Qonaev Media — новый телеканал в Казахстане
  • ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАР БАС ҚОСТЫ
  • ӨЗ МАМАНДЫҒЫН ТЕРЕҢ МЕҢГЕРГЕН МЕЙІРБИКЕ
  • ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ